Түркия мен АҚШ "Күрдтердің халықтық қорғау отрядын" (YPG) Манбидждан шығарудың «жолдары мен мерзімі» жөнінде екіжақты келісім жасасты, деп хабарлайды «ajanshaber.com» агенттігі.
Түркия үкіметінің өкілі Бәкір Боздағтың мәлімдемесіне сәйкес, Манбиджге қатысты келісімнің егжей-тегжейі Түркия СІМ басшысы Мевлүт Чавушоглу мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Пампеоның Вашингтондағы бірлескен келіссөздерінде нақтыланған.
«Аjanshaber.com» агенттігінің хабарлауынша, күрд жасақтарын Манбидждан шығару туралы алдын ала келісімге аталған екі ел өкілдері 30 мамыр күні Анкарада қол қойған.
Дереккөз: “The Qazaq Times”