Тәжік-қырғыз шекарасында қарулы қақтығыс болды – деп хабарлайды Turmush.kg ақпарат көзі.
Turmush.kg мәліметінше, Қырғызстанның Баткен облысына қарасты Лейлек ауданында Тәжікстан шекарашылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алған.
Тәжік шекарашылары бейтарап аймақта сауда жасаған Қырғызстан азаматтарына күш көрсетіп, аймақтан кетулерін талап еткен. Бірақ саудагерлер бейтарап аймақтан кетуден бас тартқан.
Осыдан кейін Тәжікстан шекарашылары ескерту ретінде әуеге оқ атқан. Кейіннен оқиға орнына Қырғызстан шекара қызметі өкілдері келіп, Тәжікстан шекарашыларына қарапайым халыққа күш көрсеткендері үшін ескерту жасаған. Бірақ Тәжікстан шекарашылары олардың бұл ескертулеріне құлақ аспай кезекті рет әуеге оқ атқан. Шекаралық аймақта бірнеше мәрте оқ атқаны үшін Қырғызстан шекара қызметінің арнайы жасағы тәжік сақшыларын ұстап, уақытша тергеу изоляторына жеткізген.
Дереккөз: “The Qazaq Times”