Атырау, 26 қараша 03:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаңа қоныста да ескі әуен

Сурет
3 638 просмотра


Аудан орталығы Махамбеттегі жаңа «Самал» ықшам ауданында 50-ден астам үй бар және олардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Алайда, мұнда су мен жарыққа және жолға қатысты мәселе өзекті күйінде қалып отыр.


- Мен мұнда Құлсары қаласынан көшіп келдім. Мұнда газдан басқа ешқандай инфрақұрылым жоқ десе болады. Жол жоқ, жауыннан соң барлығы батпаққа айналады. Көліктер келе алмайды, - дейді Бисенғали ОҢДАСОВ. - Ал ауыз су жүйесі 2011 жылы тартылғанымен, іске қосылмаған. Жарық жайы тіптен қиын. Жарық өте әлсіз, тоңазытқыш, ауа салқындатқышқа, басқа да тұрмыстық жабдықтарға қуаты жетпейді.

Аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Мұрат ЕРШИКОВ жол мәселесінің қашан шешілетіні белгісіз  екенін ашып айтты: бүгінгі таңда оның құрылысына қаржы жоқ.  

Ал аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек ҚУАНҒАЛИЕВТІҢ сөзі барынша үміт сыйлағандай болды:

-Қазір коммуналдық мәселелермен ЖК «Гумаров» айналысуда. Келесі айда-ақ  кейбір мәселелер шешіледі деп уәде етіп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор 

5 маусым 2018, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.