Атырау, 30 қараша 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Гватемалада жанартаудың атқылауынан 68 адам қаза тапты

1 799 просмотра


Гватемалада жанартаудың атқылауынан тұтас бір ауыл зардап шегіп, кемінде 62 адам қаза тапты. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Жанартау атқылай бастағаннан кейін лава 3 жарым сағаттан соң таудан төмен түсіп, өте үлкен жылдамдықпен жақын маңдағы ауылдарға жеткен. Бүгінде ол 1300 градус ыстық өзенге айналып үлгеріпті.

Жанартау жексенбі күні атқылай бастаған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, соңғы он жылда Фуэго жанартауы 2 млн-ға жуық адамға залал келтірген. «От жанаратуы» атанып кеткен бұл жанартау бірнеше ай бұрын атқылай бастаған. Бірақ жексенбі күннен бері байқалған белсенділік соңғы жүз жылда болмаған», дейді ғалымдар.

Фуэгоның аспанын қара түтіннен тұратын бұлт торлаған. Тіпті, лава жерден бірнеше метр биікке көтеріліп, жақын маңдағы ауылдардың біріндегі көпірді 15 секундтың ішінде жойып жіберген. Көпірдің үстіндегі 2 бала тірідей жанып кеткен. Assosiated Press басылымының хабарлауынша, кейбір жерлерде лаваның температурасынан құтқарушылардың аяқ киімдері еріп, іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде.

Дереккөз: Baq.kz

5 маусым 2018, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.