Атырау, 13 қараша 10:09
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Ақтауда рецидивист-ұры қашып кетті

2 150 просмотра

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті Ақтаудағы тергеу абақтысының қызметкерлері рецидивист - ұрының бой тасалуына көмектесуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін брифингте айтылды, деп хабарлайды BNews.kz. тілшісі.

«Жедел ақпаратқа қарағанда, бүгін таңғы сағат 6.30 Ақтаудағы тергеу абақтысынан бұған дейін бірнеше рет сотталған 1987 жылғы рецидивист- ұры қашып кеткен.

Қолда бар ақпаратқа қарағанда, ол тергеу абақтысы ғимаратының торын бұзып, сыртқа шыққан. Қолға түскен азаматтың қашып кетуіне абақты қызметкерлері көмектесуі мүмкіндігі жоққа шығармайды», деді Маңғыстау облыстық ІІД бастығы Мейірхан Жаманбаев.

Қазір оны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

ІІД бастығы қашып кеткен азаматтың Ақтау қаласы тұрғыны және ол жақын күндері қолға түседі деп сенеді.

Дереккөз: BNews.kz.

19 маусым 2012, 22:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.