Бұған елдің діни жетекшісі Аятолла Али Хаменеидің жергілікті атом энергиясы ұйымына осындай бұйрық беруі негіз болды.
Осыған байланысты аталған органның басшысы Бехруз Камальванди жуық арада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке хат жолдайтынын жеткізді. Аятолла Али Хаменеи Иранның ядролық келісім шеңберінен шықпайтынын және уранды байыту көлемінің белгіленген 3,5 пайыздан аспайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, мамырдың 8-і күні президент Дональд Трамп АҚШ 2015 жылы Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығатынын айтып, санкциялар қайта қолданыла бастайтынын мәлімдеді. Бірақ қалған 5 мемлекет Вашингтонның бұл қадамын айыптады.
Ал Тегеран көп ұзамай келісімді орындау үшін Еуропалық одаққа жаңа талаптар қойды.
Дереккөз: 24.kz