Атырау, 30 қараша 05:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Грузия астанасында метро машинистері ереуілге шықты

1 506 просмотра


Олар жалақыларының көтерілуін талап етіп, жер астымен жүретін электрлі теміржол станцияларын жауып тастаған. Мұндай жағдай қалада осымен екінші мәрте қайталанып отыр. 

Тибилисидің жүздеген тұрғыны жұмысына кешігіп барды. Бәрінің себебі біреу. Қаладағы 23 метро станциясы таңатқалы бері жабық тұр. Теміржолды бөгеген метро машинистері екен. Олар «жалақыларымызды 45 пайызға көтеріңдер» деген талап қойып отыр. 

Рати Капанадзе, жүргізуші: 

- Біздің басты талабымыз – тиісті және әділ жалақымызды алу. Бұл жағдай 2016 жылы басталған болатын. Есеріңізде болса, сол кезде де ереуілге шығып, айлық мәселесін көтерген едік. Алайда билік жалақыға қосатын қосымша қаражат жоқ екенін айтқан болатын. Содан кейін біз бірнеше рет құзырлы мекеме басшыларымен сөйлесуге барып, кездесулер ұйымдастырдық. Бірақ одан еш нәтиже болмады. Сол себепті бүгін де өз мәселемізді көтеру үшін шығып отырмыз.    

«Тибилиси көлік компаниясында» 240 метро машинисі жұмыс істейді. Олардың әрбір жұмыс сағатына 3 АҚШ доллардан төленеді.   

Арчил Лабадзе, жүргізуші: 

- Жүргізуші тарифі сағатына 7 лариді құрайды. Біз оны 10 лариге көтеруді талап етіп отырмыз. Метрополитен өтінішіміз орындалған кезде ғана ашылады.  

Ал қала басшылығы станциялардың жабылып, жолаушыларға қызмет көрсетілмей тұрғанына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, метро жүргізушілерінің айлығын көтерсе, бұл басқа қызмет түрлері мамандары алдында әділетсіз болмақ. 

Каха Каладзе, Тибилиси қаласының мэрі: -

Мен Тибилисидің мэрі және 1,5 млн тұрғын мен муниципалитеттің 24 мың қызметкері алдында есеп беруші ретінде тұрғындарға түсініксіз әрі орынсыз талаптардың кесірі тиюіне жол бермеймін. Теріс жағдайда, балабақша ұстаздары мен жедел жәрдем қызметкерлері және де тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін түрлі саланының мамандары алдында әділетсіз басқарушы боламын.  

Метро күн сайын Тибилисидің 300 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Билік қаладағы келеңсіз жағдай шешімін тапқанша тұрғындарға тегін қатынайтын екі автобус шығарды. Ал метро машинистрі өз талаптарын орындата ала ма, әлі белгісіз.      

Дереккөз: 24.kz

5 маусым 2018, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.