Атырау, 30 мамыр 16:28
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Парақор сәулетшілер

3 220 рет қаралды


«АЖ» бейресми ақпарат көздері бойынша осы жылдың 22 мамырында жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері  Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бірнеше лауазымды қызметкерлерін пара алды деген күдікпен ұстады. Редакцияның сауалына жолдаған жауапта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара көлемі мен ұсталғандардың санын нақты атамады, бірақ, ақшаны құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат беруді жеделдету үшін алғандарын хабарлады.  

«Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-тармағы 3, 4-тармақшасы («Ірі мөлшерде бірнеше рет пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа да ақпараттар тергеу құпиялылығының мүддесін қорғау мақсатында жария етуге тыйым салынады», - деп хабарлады департамент басшысының орынбасары Мұрат ДАНИЯРОВ.

Біздің бейресми ақпарат көзінен белгілі болғандай, аймақтық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшыларының бірі  22 мамыр күні 8 млн теңге көлемінде пара алған.

Айнұр САПАРОВА

4 маусым 2018, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.