Атырау, 26 қараша 04:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Резонанс: «Аяғынан айырылған соң кісі өлтіргенін мойындады»

1 987 просмотра


01.06.2018 ж. «Ақ Жайық» газетіндегі МСұлтанғалиевтың «Аяғынан айырылған соң кісі өлтіргенін мойындады» мақаласында келтірілген ақпарат шындыққа сай келмейді. Журналист ҚР «БАҚ туралы» заңының 21-бабы 2-бөлігінің талабын бұзды.

2010 жылы орын алған аса ауыр қылмыс Атырау полициясы қызметкерлерінің күшімен ашылды.

Атырау ІІД тергеу және криминалдық полиция қызметкерлері жұмыстарының нәтижесі бойынша Қызылорда облысына, Алматы, Шымкент қалаларына және Жамбыл облысына әлденеше рет сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдіктінің кінәсі дәлелденіп, ол даусыз дәлелдермен жасаған қылмысын мойындады.

Ағымдағы жылдың 8 наурызында күдікті Атырау ІІД қызметкерлерінің күшімен Атырау облысына жеткізілді.

Атырау облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Қ.Үмбетқалиев

«АЖ» редакциясынан: Журналист ақпаратты соттың баспасөз хабарламасына сүйеніп әзірледі.

4 маусым 2018, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған