Атырау, 26 қараша 04:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Арнайы қоқыс контейнерлері

3 802 просмотра


Атырауда люминесцентті шамдарды, сынапты қызуөлшегіштер мен батарейкаларды жинауға арналған 40 контейнер орнатылған. Контейнерлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 10,8 млн теңге бөлінді, қазір олар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) бөліміне берілген. Оларға «Атаким» ЖШС қызмет көрсетеді - бұл кәсіпорында қалдықтарды өңдейтін қондырғы бар.

ЖШС директоры Әсемгүл ҚАЙЫРҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, қала тұрғындары бұл жаңашылдыққа енді ғана үйрене бастаған:

- Кейбіреулер қауіпті қалдықтарды жинауға арналған бөліктерге басқа да қоқыстарды лақтырады. Ал СМП-163-те мұндай контейнерді бұзып тастапты. Адамдар біздің жұмысымызға түсіністікпен қараса екен дейміз, өйткені бұл тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты ғой.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Арнайы контейнерлер орнатылған жерлер: Алмагүл ы/а, 15- және 21-үйлер; Сатыбалдиева көшесі, 25А; 5 ы/а, 11- және 22-үйлер; 3А ы/а, 14 және 16А-үйлер; Берғалиев көшесі, 75; СМП-163, 3-үй; СМП-136, 5-үй; Достық көшесі, 7; Абай көшесі, 15; Орталық ы/а, 4-үй; Азаттық даңғылы, 16, 22, 49, 68, 99, 127, 137-үйлер; Махамбет көшесі, 123 және 128-үйлер; Құнанбаев көшесі, 14 және 15-үй; Авангард, 2 ы/а, 10-үй; Авангард, 3 ы/а, 9, 15, 31, 37-үйлер; Авангард, 4 ы/а, 17-үй; Сарыарқа ы/а, 31-үй; Сәтпаев даңғылы, 5А, 19, 36-үйлер; Нұрсая ы/а, 3, 11, 86, 102-үйлер; Лесхоз ы/а, 11-үй; Ғұмаров көшесі, 88. 

4 маусым 2018, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.