Бүгінде Facebook қолданушылар туралы мәліметті табыстайтын компаниялардың саны 60-қа жуық. Олар келісімшарттарды негізінен Apple, Microsoft, Amazon және Samsung компанияларымен жасасқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Бұл келісімшарттардың негізгі мақсаты Facebook желісінің өзгелерге қарағанда позициясын тұрақтандыруға бағытталған. Сондай-ақ, бұл жолы да Марк Цукербергтің қолданушылар мәліметін қорғай алатынына қатысты тағы күмән туып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың наурыз айында Cambridge Analytica 50 млн қолданушының ақпаратын алғаны белгілі болғаннан кейін Facebook компаниясының басы дауға қалған болатын.
Дереккөз: Baq.kz