Атырау, 30 қараша 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​«Үлкен жетіліктің» алты елі АҚШ-қа сын тағып, бірлесті

5 486 просмотра


АҚШ-тың Қаржы істері жөніндегі министрі  Стив Мнучин «Үлкен жетілік» елдері (Америка, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Италия) тарапынан қатал сынға ұшырады. 

Аталған елдер АҚШ-тың болат пен алюминий импортына салық енгізу шешіміне наразы.  Францияның қаржы министрі Брюно ле Мэр одақтастарымен арада сауда соғысы туындамауы үшін Вашингтонның бірнеше күні бар екенін айтты. Бұл туралы abhaber.com агенттігі хабарлады. 

«Үлкен жетілік» елдерінің үш күндік кездесулері Канадада өтті. Алдағы демалыс күндері Квебекте (Канада) осы елдер президенттерінің саммиті өтеді деп күтілуде. Оған АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысады деп жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың наурыз айының басында Трамп болат пен алюминийге баж салығын енгізіп, алайда келіссөздер жүргізу үшін шешімін кейінге қалдырған еді. 

Осы аптада АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росс 1 маусым күні, түнгі сағат 00:00-де ЕО елдері мен Канада, Мексика елдерінен шығарылатын болат пен алюминийге салық енгізілгенін мәлімдеген еді. Еуродақ пен Канада осы шешімге қатысты қарсылықтарын білдіріп, ДСҰ-ның ережелеріне сай келмейді деп хабарлады. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

4 маусым 2018, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.