Атырау, 12 қаңтар 11:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​БАӘ мен Сауд Арабиясы АҚШ-тан әскери көмек сұрады

2 765 рет қаралды


Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері АҚШ-тан әскери көмек сұрады – деп хабарлайды «The Wall Street Journal» басылымы. 

Басылым мәліметінше, Сауд Арабиясы мен БАӘ АҚШ-тан Ходейд портын «Ансар Аллах» террорлық ұйымының иелігінен азат ету үшін АҚШ-тан әскери көмек сұраған. 

Ресми Эр-Рияд пен Абу-Дабидің пікірінше, Йемендегі 29 миллион халықтың тағдыры Ходейд портымен тікелей байланысты және оны азат етуге АҚШ-тың көмегі «ауадай» қажет.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Пентагон Сүрия мен Иракта «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қарсы әскери операцияның екінші кезеңіне көшетіндігін мәлімдеген. Осыдан кейін ресми Дамаск АҚШ-тан Сүрия аумағынан әскерін шығаруды талап еткен.

Дереккөз: “The Qazaq Times

4 маусым 2018, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.