Атырау, 11 желтоқсан 11:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

"Тәжік президентінің туысын өлтіріп кетті" деген хабар тарады

2 357 просмотра

Эмомали Рахмонның жездесі Холмуъмин Сафаров.Тәжік ресми орындары "президент Эмомали Рахмонның жездесі қастандықтан қаза тапты" деген мәліметті әзірге я растап, я жоққа шығарған жоқ.

Азаттық радиосы Тәжік қызметінің хабарлауынша, сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Эмомали Рахмонның жездесі, 57 жастағы Холмуъмин Сафаровқа қарулы шабуыл жасалған. Оқиға Душанбеде болған.

Мәліметке қарағанда, Сафаровқа бірнеше рет оқ тиген. Ол оқиға болған жерде қаза тапты. Көршілерінің айтуынша, қастандық ол мешіттен үйіне қайтып келе жатқанда жасалған. 

Холмуъмин Сафаров - Хатлон облысының  тумасы. Ол 2009 жылдан бері қоршаған ортаны қорғау комитетінің орман және аң шаруашылығы басқармасын басқарған.

Бұл оқиға тәжік президентінің Соғд облысында жұмыс сапарымен жүрген кезінде болды. Эмомали Рахмон осы облыста Шанхай ынтымақтастығы ұйымының әскери жаттығуын бақылауға барған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

14 маусым 2012, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.