Атырау, 25 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Аралдағы жыраулар үйінің ауласында өсіп тұрған ағаштан су тамшылап тұр

2 839 просмотра

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал қаласындағы биыл ашылған Нұртуған Кенжеғұлұлы атындағы   жыраулар үйінің артқы ауласында өсіп тұрған  ағаштан тамшылап су аға бастады.

Мұны алдымен аңғарған жыраулар үйінің қызметкерлері ағаштың діңіндегі тамшы ізінің бірте-бірте тереңдеп әрі кеңейіп бара жатқанын айтып отыр. Мекеме директоры Айна Тұяқованың мәлімдеуінше, осы таңғажайып көріністі тазалықшы келіп жеткізген бойда дереу мешітке хабар берілген. Ал мәселенің мән-жайына қаныққан соң имандылық үйінің шырақшысы Алдаберген Ілиясов мұны Аллаһтың кереметіне балап, талдың тегін еместігін баяндаған. Ол  Құран оқып, кесеге толы тал суынан дәм де татады.
Қазір дарақ ағаштан ертелі-кеш тамшылап су ағып жатыр. Әзірге мұның қандай керемет екенін ғылыми тұрғыда түсіндіріп беретін маман табылмай отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 маусым 2012, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.