Атырау, 13 желтоқсан 03:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Челах қысым көріп, қылмысты мойындады деп есептейді туған-туыстары

2 503 просмотра

АСТАНА,14  мау –Қазақстан жаңалықтары АА. 15 адамның өліміне күдікті қазақстандық шекарашы Владислав Челах қысым көріп,  қылмысты мойындап отыр деп есептейді оның атасы  Владимир Челах.

30 мамырда шекара жасағы «Арқанкерген» шекара заставасының өртенген ғимаратын анықтады. Онда 15 адамның денесі, соның ішінде 14 шекарашы мен аңшының денесі табылды. Соңғы шекарашы қарағандылық Владислав Челах тауда жүрген жерінен қолға түсті. Тергеу деректері бойынша,  Челах қызметтестерін және қорықшыны өлтіріп, кейін шекара бекетін өртеп жіберген. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға себебі «ішкі дау-жанжал және оның санасының түсініксіз жағдайы» болған. Күдіктінің анасы сәрсенбіде БАҚ-қа ұлының қайғылы оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Оны осы қылмысты мойындауға мәжбүрледі  (…), оны қорқытып тастаған», -деп мәлімдеді шекарашының атасы  бейсенбіде Алматыда баспасөз конференциясында.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

14 маусым 2012, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.