SPUTNIKNEWS.KZ «Назарбаевтың мұрагері кім болуы мүмкін: отбасы мүшесі ме, билік элитасы ма?» - Қазақстанда бір жыл бұрын ел президенті сайлауына өзін-өзі ұсынуға тыйым салу туралы норма енгізілді. Ең жоғары лауазымға партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттар ғана сайлауға түсе алады. Саясаттанушы Андрей Чеботаревтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагерлерінің аясы тарылып жатыр
«Стати ісі: Брюссель соты ұлттық қор активтерінен бұғауды алып тастады» - Брюссельдің бірінші инстанциядағы соты шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары сомасындағы Қазақстан ұлттық қоры активтерінен алдын ала бұғауды алып тастады. Сондай-ақ сот ағылшын соттарында 530 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қалған қаражаттан шектеуді алып тастауға болады деген шешімге келді, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
AZATTYQ.ORG. «Ашаршылық туралы фильм неге аз?» - Кинорежиссерлер ашаршылық жайлы фильм түсіргенде қырғын мәселесі шығатынын, ал Қазақстан билігі Ресейге ұнамайтын тақырыптан тартынатынын айтады.
«Украина: Ресейлік журналист Бабченко тірі» - Украина арнайы қызметі ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өлімі қолдан ұйымдастырылғанын хабарлады. Арнайы қызмет ұйымдастырған баспасөз мәслихатына Бабченконың өзі де қатысты.
«АҚШ есебінде Қазақстан - "діни еркіндікті шектеуші ел"» - АҚШ әлемнің ондаған елінде діни бостандықтың қатты шектеуге ұшырағанын, олардың ішінде Қазақстанның бар екенін мәлімдеді.
EGEMEN.KZ. «Киноэкспансия көлеңкесіндегі “экспорт”» - Қазақстанның басты телеарналарының барлығында көп жылдардан бері орыс пен украин фильмдерін айтпағанда, түрік, корей, үнді елдерінің, ал соңғы уақытта іргедегі қырғыз бен өзбектің, былтырдан бері филиппин кинематографистерінің туындылары үздіксіз көрсетіліп келеді.
NUR.KZ. «"Бәрінің бас сүйегінен атқан": Сталиндік режим қуғын-сүргін құрбандарын қалай азаптады?» - Бүгін - елімізде сталиндік билік тұсындағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Алматыдан 37 шақырым жерде орналасқан Жаңалық ауылы сол қасіретті 1937 жылдың куәсі болған мекен.
365INFO.KZ. «Владимир Кимнің байлығы Трамппен теңесті, Құлыбаевтар отбасы да қалысар емес» - Америкалық Forbes журналының рейтингіне сәйкес, ерлі-зайыпты Құлыбаевтар 973 орыннан 729 орынға көтерілсе, Владимир Ким Трамппен иық тірестіріп бір орынға шығыпты.
«”Назарбаев араласты…”. Мәскеудегі құпия архивке кірген тарихшының қаны басына шапты» - Сталин тұрмақ, Ленин де болған жоқ Қазақстанда. Олар бүкіл қазақты 40 миллион малдың артында жүрген жабайы, сауатсыз, қатарға қосылмаған деп ойлады. Сол кезде оларға мал да бір, қазақ та бір болды. Компартия қазақты халық деп ойлаған жоқ. Сондықтан, өлсе өле берсін деп ойлады. Бұлардың малын ала береміз, бұларда 12 ай сайын мал өсе береді деп, малы бітпейтіндей көрінді. Қазақта мал саны 40 миллион бас дегенге Сталин сенбеді. Қазақ аштан өледі деген сөз айтылмаған да, бұл мәселе көтерілмеген де», — дейді ол.
«Билік тағы не бүлдірмек?» - Қытай азаматтары Қазақстанға әзірге визасыз 72 сағатқа кіре алады. Кешелі бері Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим орнауы мүмкін екені жайлы әлеуметтік желілерде даулы ақпараттар тарап, қазақстандықтар өз қарсылығын білдіріп жатыр. Бұл шудың ұштығы қайдан шықты? Ел неге дүрлігіп жатыр?