Атырау, 25 сәуір 18:28
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жеті жұрттың тілін біл (жаңартылды)

2 897 просмотра

Бүгін, 14 маусымда «Ақ Жайықтың» тегін қосымшасы -  ағылшын тілді «West Kazakhstan Today» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Нөмірде республиканың батыс облыстарының жаңалықтары, таяу арада Жаңаөзен мен «Арқан керген» шекаралық бекетінде орын алған ұлттық ауқымдағы екі трагедия туралы, Лас Вегастағы қазақстандық боксшының жеңісі, «Болашақ» алып мұнай-химия кешенінің іске қосылуына қатысты проблемалар және шетелдік топ-менеджерлердің жұбайларының көз алдымызда жоғалып бара жатқан көне Гурьевті ең болмағанда кенеп бетінде және фотосуреттерде қалай сақтап қалғысы келгендігі туралы мақалалар жарияланған. Бұдан басқа да қызықты материалдар бар. Әлбетте, кейбір жарнама берушілер де бірінші нөмірден бастап-ақ «WKT» тиімділігін байқап көруді ұйғарған еді.

P.S. «West Kazakhastan Today» газетіне жеке жазылымды рәсімдеу үшін (әзірге тек корпоративтік және 10 данадан кем емес) «Ақ Жайық» ЖШС-не Атырау қаласы, Жарбосынов көшесі, 5 мекен-жайы бойынша хабарласыңыз. Анықтама телефондары: 27-22-54, 27-22-44, 27-25-71.  

14 маусым 2012, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.