Атырау, 19 желтоқсан 06:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Арменияда батысқа бет бұру байқалады», «Түлекеевтің ұсталуы инвесторларды үркітпей ме?», «Шәкәрімнің хаттары қайда?», «Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып өлтірді», «Астанада пәтердің бағасы биыл қалай өзгерді?».

1 842 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Кино королі" көзі кеткенше тыйымнан арылмады» - Иранның әйгілі актері әрі режиссері Насер Малек Мотидың жұмыс істеуіне ұзақ жылдар бойы тыйым салынып келді, баспасөз құралдарына да ол туралы жазуға шек қойылды. Кино шебері өткен аптада 88 жасында дүниеден озған соң ғана оған салынған тыйым алынды.

«Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып өлтірді» - Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы қастандықпен өлтірді. Дүкеннен келе жатқан журналисті ту сыртынан үш рет атқан. Пәтер алдында қансырап жатқан Бабченконы әйелі байқаған. Журналист "жедел жәрдем" көлігінде жан тапсырды.

«Арменияда батысқа бет бұру байқалады» - Ереван қаласында он жылдан бері тұратын Қазақстан тумасы Гаухар Шырдабаева елдегі соңғы саяси оқиғалар мен қазіргі жағдайға қатысты ойларымен бөліседі.

«Түлекеевтің ұсталуы инвесторларды үркітпей ме?» - Қырғызстандағы Бозымчак кенішінде жұмыс істейтін қазақстандық "КазМинералсБозымчак" компаниясының директоры Ілияс Түлекеев үй қамаққа алынды.

INFORMBURO.KZ. «Астанада пәтердің бағасы биыл қалай өзгерді?» - Пәтерді қай кезде алған дұрыс? Бағасы қай уақытта шарықтайды? Жылжымайтын мүлік нарығындағы бүгінгі жағдай? Осыны талқылап көрсек.

AIKYN.KZ. «Шәкәрімнің хаттары қайда?» - «Жазушы өмірбаяны – әдебиет зерттеушілері үнемі көңіл бөліп келе жатқан мәнді проблема. Неге десеңіз, қаламгер өмірбаяны оның шығармаларының жазылу тарихы мен философиялық-дүниетанымдық көзқарасындағы эволюцияны айқындауда жетекші қызмет атқаратындығын ешкім де жоққа шығара алмас» деп ұстазым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиетші-ғалым Арап Еспенбетов айтқандай, Ш.Құдайбердіұлының нақты деректер мен құжаттарға негізделген ғылыми ғұмырнамасын жүйелеу керек. 

 QAZAQTIMES.COM. «Енді зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ бөлімшелері жоқ өңірлерде «Қазпошта» атқарады» -  2018 жылдың наурыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық және Шаралар жоспары туралы Меморандумға қол қойылды. Осы Меморандум аясында зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай аудандарда «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы көрсету жоспарлануда. Бұл жобаны жүзеге асыру жоспары әзірленген. Техникалық мәселелер шешіліп, «Қазпошта» АҚ қызметкерлер құрамы оқытылған соң, трансфер-агенттік қызметтер кезең-кезең бойынша ең алдымен экономикалық жағынан белсенді тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 24 елдімекенде, кейін жыл соңына дейін тұрғындар саны 2 мыңнан 5 мың адамға дейін баратын 70 елдімекенде көрсетілетін болады 

EGEMEN.KZ. «Алакөл туристерді қабылдауға дайын ба?» -  Елбасы жақында Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында Алакөлде болып, еліміздің туристік әлеуетін арттыруға қатысты арнайы жиын өткізген еді. Сол жиында Мемлекет басшысы: «Алакөл – Қазақстанның туристері көптеп келетін жер болуы керек. Бұл – шипалы көл. Суының емдік қасиеті бар. Өте қажетті жер. Қазақстандықтар осы жерге келіп демалуы керек», деген еді. 


30 мамыр 2018, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.