Атырау, 24 қараша 16:16
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тексеру күшейді, ал балл төмендеді

2 563 просмотра

Ертең, 15 маусым – Ұлттық бірыңғай тесті өтетін соңғы күн. Атырау облысында қазірден бастап-ақ алдын-ала қорытынды шығара беруге болады. Түлектердің орташа балы 72 болды.

Өткен жылғы көрсеткішпен  (86,3)  салыстырғандаайтарлықтай төмен, тексерудің күшеюіне байланысты барлық аймақтарда мұндай көрсеткіштер байқалды. Атырау облысы білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, алдын-ала алынған мәліметтерге қарағанда, біз Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және басқа кейбір облыстардан жоғары тұрмыз және шамамен алғашқы бестіктің ішіндеміз, ал, тізімнің басында Алматы және Астана қалалары тұр екен. «Алтын белгі» саны бойынша біз әзірге екінші орындамыз.

ҰБТ-ге 5 664 түлектің 4 714-і қатысты. Халықаралық олимпиадалардың 29 жеңімпазы тестіге қатысудан босатылды. Төрт  абитуриент (үшеуі Махамбет ауданынан және біреуі Атырау қаласынан) ұялы телефонды алып кіргендері үшін тесті тапсырудан босатылған.

Қалалық абитуриенттердің  орташа балы 83. Әдеттегідей, қазақ-түрік лицейінің (орташа балдары 106), облыстық «Дарын» мектеп-интернатының (105,7), облыстық ұлттық гимназияның  (104,5) және Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық лицейдің  (102) түлектері ерекше көзге түсті. Екінші орында Құрманғазы ауданы (80,8), үшінші орында  – Исатай ауданы (78).

Ең төменгі көрсеткіш берген Мақат және Махамбет аудандары. Мақат ауданында «Алтын белгіден» үміткерлердің бірде-біреуі өз білімдерін дәлелдей алмады, орташа балл 51-ге тең болды.

Облыстың 813  түлегі  100-ден аса  балл жинады. «Алтын белгіден» үміткер 176 түлектің 77-сі төсбелгіні ала алады, оның ішінде біреуі апелляция қорытындысы бойынша алмақ. Ерекше үлгідегі аттестатты 30 түлек алмақшы, оған 74 үміткер болған еді. Көздеген 50 балға 1 801 түлек қол жеткізе алмады.

– «Алтын белгіден» үміткерлердің 20-сына бір ғана балдан жетпей қалды.  Бәлкім, комиссия олардың ісін қарап, өткен жылдағыдай жетіспейтін балдарын қосуы мүмкін, - деп атап өтті С.Есенғалиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 маусым 2012, 22:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.