«Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны метеоболжау бөлімінің бастығы Күләйна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, маусым айының қалған күндері мен шілде ыстық болады деп күтілуде.
Маусымның екінші онкүндігінде ауа температурасыкүндіз – 25-30 градус жылы. Онкүндік аяғында – 30-35 градусқа дейін көтеріледі.
Үшінші онкүндікте күндіз – 25 градустан 30 градусқа дейін жылылық болса, кей жерлерде 35 градусқа дейін барады.
Бір айдағы жауын-шашын саны – нормаға (16-20мм) сәйкес келеді, кей жерлерде айдың басы мен аяғында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде. Бірінші онкүндіктің ортасы мен үшінші онкүндіктің аяғында топырақты дауыл тұрмақ.
Екінші онкүндіктің басында оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр болатын күшті жел, ал, үшінші онкүндіктің аяғында секундына 15-20 метр батыстан соғатын жел күшеймек.
Шілде.Бұл айдағы орташа айлық температура нормадан 3 градусқа жоғары болмақ. Ауаның ең жоғарғы температурасы – 38-42 градус болады. Шілденің ортасы мен соңына қарай өткінші жауын жауады деп күтілуде. Жауын-шашын саны – норма шамасында. Айдың ортасында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, топырақты дауыл тұрады.
Тамыз.Бұл кездегі температура нормадан жоғары, ауаның орташа температурасы күндіз 35-40 градус болады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА