Атырау, 5 қазан 11:11
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Төртіншісі қашан?

1 765 просмотра

10 маусым күні кеште қалалық қоқыс орны қайтадан тұтанып, ащы түтінге тола бастады.

Бұл жолы бүкіл түтін жаңадан салынған ықшамаудандарды - Нұрсая, Самал, Жерұйық, Жұмыскер және т.б. тұмшалап алды.«Арнаулы автобаза» КМК директоры Арман ТӘШЕНОВТІҢ айтуынша, бұл жыл басынан бері қоқыс полигонындағы үшінші өрт екен. Ол түнгі он бір жарымдарда тұтанған. Қоқыс орнының қызметкерлері бульдозерлерді пайдаланып, өрт жайылып кетпес үшін жаңадан төгілген қоқыстарды шеткері күреп, бықсып жатқан қоқысқа топырақ сепкен.

А. Тәшеновтің айтуынша, қоқыста орын алған өрттер туралы мәселе таяуда қалалық әкімдіктің кеңесінде талқыланған. Мердігерлерге қоқыстың шіру салдарынан түзілетін метанды факелде өртеу жүйесі бар жаңа қоқыс полигонын пайдалануға беруді тездетуге нұсқау беріліпті. Бір ай бойына мамандар тау боп жиналған қоқыстарымен бірге ескі қоқыс орнының тағдыры не болатыны туралы сұраққа жауап берулері тиіс.

Ал АМӨЗ басшылығы булану аймағын (Сасық сай) күзетуді күшейтті. Бұл таяуда мамыр айында болған өрттен кейін артық болмасы анық. АМӨЗ бас инженері Денис КОЗЫРЕВТІҢ айтуынша, ол қамысқа белгісіз тұлғалар өрт қойғандықтан пайда болған. Д. Козыревтің сендіруінше, қамыс зауытқа бекітілген аймақта емес, қаладағы ағын сулар жиналатын бөлікте өртеніпті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 маусым 2012, 22:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.