Атырау, 25 желтоқсан 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Оралда қола дәуіріне жататын қабір табылды

10 426 просмотра

Тарих үшін елеулі жаңалық! Оралдық археологтар қола дәуірі кезеңіне жататын қабірді тапты, деп хабарлайды КТК. Жас қыздың жерленген орны қала іргесіндегі ежелгі Жайық қалашығында жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылып отыр. Зерттеушілердің пікірінше, бұл археологиялық қазбалар Орал қаласының тарихы Ресей патшалығының отарлауынан кейін басталды дейтіндерге лайықты жауап болуы тиіс.

Археологтар Оралдан 12 шақырым жердегі Круглоозерное кентінің маңайында орналасқан көне шаһардың жұртынан алғашқыда кірпіш күйдіретін пеш тапқан екен. Қазба жұмыстарын одан әрмен жүргізу барысында жас қыздың қаңқасына тап болған. Зерттеушілердің айтуынша, табылған пеш-Жайық қаласы уақытында Сарайшық шаһары сияқты әлеуетті де ірі қаланың бірі болғандығынан хабар берсе керек. Өйткені, бұған дейін табылған кесенелер мен ғимараттардың құрылысына пайдаланылған кірпіштердің осы пештің өнімі екені анықталды.

Мұрат Қалменов, археолог:

- Сарайшықтан кейін Жайықтың жағасындағы екінші үлкен қала осы болуы мүмкін деген болжам бар. Неге десеңіз бұл аймақтан осындай ескерткіш табылған жоқ.

Дереккөз: КТК

13 маусым 2012, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.