AZATTYQ.ORG. «Қамауда не көргенін айтушылар көбейді» - Қазақстандық тағы үш азамат Қытайдың "саяси тәрбие орталығы" деп аталатын уақытша ұстау орындарында "еріктерінен тыс қамалғандарын" айтып, басынан кешкендерін баяндады.
«Әмин Елеусінов бостандыққа шықты» - Мұнай саласында қызмет көрсетумен айналысатын Oil Construction Company (ОСС) кәсіпорны кәсіподағының экс-төрағасы Әмин Елеусінов түрмеден шықты. Ол "кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқырды" және "полицейлерге тіл тигізді" деген айыптармен екі жылға сотталған.
DALANEWS.KZ. «“Досым…”. Саясаттанушы Сәтпаев туралы не білеміз?» - Досым Сәтпаев. Кім ол? Неткен адам? Ол – саясаттанушы. Тәуелсіз маман. Аты бар, заты жоқ жиындарда төбе көрсетпейді. Жоғарыдан әлдебіреу телефон соқса, Астанаға жетіп бармайтынын, мемлекеттік тапсырысқа жұмыс істемейтінін айтады. Онысы рас. Жалтақтықты жек көреді. Өткір. Тікке айтатын мінезі бар. Бұқаралық ақпарат құралдарына ашық. Ешкімді бөліп-жармайды. Қоғамдағы саяси-экономикалық, әлеуметтік өзекті мәселелерге қатысты ұдайы пікір білдіріп отырады. Орысша да, қазақша да. Шынын айтады. Бипаздап, мәймөңкелемейді.
INFORMBURO.KZ. «Қазақстанда тоннадан астам улы ойыншық сатылымнан алынды. Оларды қалай айыруға болады?» - Ойыншықтардағы фенол мен формальдегидтің көлемі белгілі мөлшерден асса, бала ағзасына зиянды химиялық затқа айналады. Оны қалай анықтауға болады?
365INFO.KZ. «Зейнетақыны қайтадан есептетуге болмайды» - Әлеуметтік төлем ведомствасының маманы 1-шілдеден бастап зейнетақыға қосылатын үстемақының еңбек өтіліне қатысты есебін көрсетіп берді. Оның айтуынша, 1-шілдеден бастап өзгерген зейнетақыңызды кейін қанша жерден құжат тасысаңыз да өзгерте алмайды екенсіз.
AIKYN.KZ. «Бақ пен Бап» - Биылғы оқу мерзімі де аяқталуға таяу. 25 мамыр – соңғы қоңырау. Күзде мектеп табалдырығын аттаған әрбір түлек мамыражай мамыр келсе, демалысқа асығады. Асықпайтын бір ғана сынып бар, ол – мектеп бітіруші түлектер. Алда – ҰБТ. Жоғары оқу орнына түсуге талпынған әрбір бала ҰБТ тапсыруға міндетті. Тапсырғысы келмейтіндер болса, ол да өз еркі.
ABAI.KZ. «Ішкі істер вице-министрі Ресей азаматшасы үшін бір отбасының тағдырын тас талқан етті» - Даламыз кең, қаламыз көп. Бірақ, қазақ баласы оған сыя алмай-ақ қойды. «Отырсақ – опақ, тұрсақ - сопақпыз». Алматыға келсек – «мәмбетпіз», қазақша сөйлесек – «нацпатпыз». Мемлекеттің егесі қазақтан гөрі, орыс-казактың құқы басым. Ұзын саны оннан аспайтын, бірақ «ресми көкіргенде», 130-ға барып жығылатын «көп ұлттардың» мүддесі үшін, ылғи, «жығылып» қала береміз. Менің бұл сөздерім елдегі басқа ұлттарға деген жек көрушілік емес, билік үшін «неге тек біз жек көрінішті болып қала береміз ?» деген сауал. Неге біздің шенділер «өзіміздікі» болмай тұр?
BAQ.KZ. «Компьютерге қарағанда смартфонның зияны көбірек – офтальмолог» - Смартфондар адамзаттың күнделікті тіршілігінің ажырамас бөлігіне, құрауышына айналып келеді. Біз смартфондарды олардың тікелей мақсаты бойынша, яғни, сөйлесу, хабарлама алмасу үшін пайдаланумен қатар, бұл коммуникация құралы қазіргі уақытта жұмыс компьютерін, ойын приставкасын, кітап пен фотоаппаратты да алмастырып отыр. Күні бойы қолынан бір сәтке түспейтін бұл құралды кей адамдар тіпті көзі ұйқыға кеткенше қызықтап жатады. Бұл тәуелділік пе? Смартфондар көзге қаншалықты зиян?