Атырау, 12 желтоқсан 08:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Әзербайжан президентіне де қылмыстық жауапкершіліктен қорғайтын иммунитет берілуі мүмкін

2 116 просмотра

Әзербайжанның қазіргі президенті Ильхам Әлиев пен оның жұбайы Мехрибан Әлиева. Баку, 7 қазан 2011 жыл. 12 маусымда Әзербайжан парламенті ел президенті мен оның отбасын қылмыстық жауапкершіліктен қорғайтын иммунитет туралы заң қабылдады.

Әзербайжан парламенті ел президенті мен оның жұбайына қылмыстық жауапкершіліктен қорғайтын иммунитет туралы заң қабылдады. Бұған дейін Әзербайжан оппозициясы президент Ильхам Әлиев пен оның отбасын билікті жеке мүдделеріне пайдаланады деп талай рет айыптаған еді.

Бұған дейінгі президент  - Ильхам Әлиевтің әкесі Гейдар Әлиев қайтыс болып кеткен. Ал СССР құлағаннан кейін ел басқарған Аяз Муталибов қазір Мәскеуде тұрады. Оған қарсы бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жаңа заң барлық бұрынғы президенттер мен олардың жұбайларына бірдей жүреді. Сондықтан бұл заң Муталибовтың Әзербайжанға қайтып оралуына мүмкіндік беруі мүмкін.

Жаңа заң жобасын таныстырған парламент депутаты Али Хусейнов заңды "Әзербайжанның демократияны дамытуға жасаған қадамы" деп бағалады.

Әзербайжан Республикасының конституциясы бойынша, парламент қабылдаған заңдарды президент қол қойып, бекітеді. Бұған қоса, Әзербайжан президентінің парламент пен үкіметті тарату құқығы да бар.

Әзербайжан - постсоветтік елдер арасында президент пен оның отбасына қылмыстық жауапкершіліктен қорғайтын иммунитет берген екінші мемлекет.

2010 жылы Қазақстанда да президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын қылмыстық жауапкершіліктен босататын және Назарбаевқа "ұлт көшбасшысы", "тұңғыш президент" әрі "Елбасы" мәртебесін берген заңдар қабылданған еді.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

13 маусым 2012, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.