Атырау, 19 желтоқсан 06:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Өтпей қалған митинг және күшіне енген "Жер заңы"», «Қырымды Украинаға қайтару өте ұтымды саяси қадам болады», «Еуразиялық одақтан шықса қазақты не күтіп түр?», «”Трамптың қолтығына кірді”. Өзбекстан АҚШ-қа есігін айқара ашты».

2 380 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Өтпей қалған митинг және күшіне енген "Жер заңы"» - Мамырдың 21-і күні Астана мен Шымкентте күзет күшейтілді. Екі қаладағы бірнеше белсенді осы күні "Жер заңына" қатысты митинг өткізуге рұқсат сұраған. Бірақ билік белсенділерге рұқсат бермеген. Олардың айтуынша, билік "Жер заңында" халықтың талабын ескермеген.

«Қырымды Украинаға қайтару өте ұтымды саяси қадам болады» - Керчь бұғазы арқылы салынған жаңа көпір Қырымды Ресейге жақындата ма? Әлде ол Ресей үшін жазылмас жараға айнала ма? Жаңа көпір Қырымның "оқшауланып қалған территория" мәртебесін сақтауға кепілдік бере ме? Қырымды Украинаға қайтарып беру Путиннен кейінгі Ресей үшін шарасыз шешімге айналуы мүмкін бе?

QAMSHY.KZ. «Айдос Сарым. Ұлтшыл болу үшін Назарбаевты тақтан құлату парыз емес» - Бүгінде қазақ ұлтшылдары қайтадан бір-бірімен қырқысып, ішкі және сыртқы жаудың барлығын жайратып тастап, өз-өзімен есеп айырысқысы келетіндей. Майда-шүйде әңгімелерді сөз етіп, бір-біріне мін тағып, «менікі дұрыс, мені тыңдамағанның барлығы қазақ емес, қазақ жауы» деген сыңайдағы әңгімелер көбеюде. 

«Банк таңдағанда неге мән беру керек?» - Қазіргі банк секторындағы жағдайға байланысты банк клиенттері зардап шегіп жатыр. Қаржы қайтарылмай немесе жартылай ғана қайтарылған жағдайды болдырмау үшін ең алдымен банктердің активтері мен қарыз портфеліне мән беру керек, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

DALANEWS.KZ.  «”Мұны Қайрат естімесін…”. Ерғалиева қайдан қателесті?» -Әлеуметтік желіде журналист Гүлжан Ерғалиеваның «Шатылған » деп аталатын посты қызу талқыланғаны баршаға мәлім. Халық сынынан кейін Гүлекең әлгі жазбасын өшіріп тастауға мәжбүр болды деп хабарлайды DalaNews.kz.

INFORMBURO.KZ. «Астана экономикалық форумы стратегиялық мақсатын орындады ма? Ауылдарда ауыз су жоқта ғаламдық мәселелерді талқылаудың қажеті бар ма?» - Үш күнге жоспарланған Астана экономикалық форумы аяқталды. Бүкіл әлемдік мәселелер талқыға салынды.

QAZAQTIMES.COM. «АҚШ-Қытай келіссөзі сауда соғысын тоқтата ала ма? Кімге қандай пайда әкеледі?» -  Аты шулы «Сауда соғысы» болмайтын болды. АҚШ пен Қытай бір-біріне бағыттаған қатаң сауда тарифтерін қайтарып алуға келісті. Бір күн бұрын екі ел келісімге келіп, Бейжің тарабы америкалық тауарларды сатып алуға еркіндік беріп, АҚШ-Қытай арасындағы сауда тапшылығын көрнекті қысқартатын болды.

«Шұға Рақымберді: Салық Кодексі әлі де шикі» - Елімізде салық кодексі тағы өзгерді. Биыл бірінші қаңтардан бастап жаңа заңдық құжат күшіне енді. Үкімет тарапынан қабылданған кодекске біршама өзгертулер енгізілген. Ондағы кейбір талаптар күшейтілсе, енді бірі анағұрлым жұмсарыпты-мыс. Жаңа салық кодексінде орта және шағын бизнеспен айналысатын адамдар үшін жеңілдіктер қарастырылған ба? Шеттен тауар алып келіп, ел аумағында саудалайтындардың билікке айтар қандай уәжі бар? Олар табысқа кенеліп жатыр ма, әлде шығынға белшесінен батқандар көп пе? Осы сұрақтарды "Next Capital" сауда компаниясының бас директоры Шұға Рақымбердіге қойып көрген едік. 

365INFO.KZ. «”Трамптың қолтығына кірді”. Өзбекстан АҚШ-қа есігін айқара ашты» - АҚШ-қа жасаған 3 күндік сапары кезінде Шавкат Мирзияев Дональд Трамппен, Пентагон өкілдерімен, конгрессмендер мен сенаторлармен кездесті. Кездесулер барысында тараптар түрлі салалардағы ондаған құжаттарға қол қойды.

«Еуразиялық одақтан шықса қазақты не күтіп түр?» - Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) шығу мәселесі қайтадан өзектілікке ие болды. Ол үшін біз Соловьевке және  «Қазақстан шын мәнінде Ресейге дос па?» деген тақырыптағы арандатушылықтарға алғыс айтуымыз керек шығар.

ULT.KZ. «Перуашев: Мұның артында "кімдердің құлағы қылтиып тұрғаны" енді түсінікті болғандай» - Азат Перуашев жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) Типтік жарғысына кәсіпорынның берешегі үшін құрылтайшылардың жауапты болмайтыны туралы норманы қайтаруын талап етті. Бұл туралы ол Мәжілістің пленарлық отырысында Үкімет пен Бас прокуратураға жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.


22 мамыр 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.