Атырау, 2 желтоқсан 01:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қарабатаннан соққан желдің бағыты қалай?

18 928 просмотра

"Атырау гидрометеорология орталығы" ЕМК инженер-метеорологы Татьяна АЗИЗОВАНЫҢ айтуынша, көпжылдық мәліметтерге сәйкес, көбінесе Атырауға жел оңтүстік-шығыстан соғатын көрінеді.

- Жел бағытының қайталануы әр ай мен жыл сайынғы бақылаулардың жалпы саны бойынша пайызбен өрнектеледі, - дейді Т. Азизова. – 1996 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі мерзімдегі көпжылдық бақылаулар бойынша, жылдың 12 айының ішінде 7 айда оңтүстік-шығыстан соққан жел көп болады екен.

Атырау бойынша соңғы 10 жыл ішіндегі мәліметтер де қалада желдің көбінесе оңтүстік-шығыстан соққанын көрсетіп отыр. Мәселен, биылғы жылдың өткен 5 айының 4-уінде сол оңтүстік-шығыс желі басым болыпты.

Атырау қаласы бойынша желдің орташа жылдамдығы – секундына 4,5 метр, жоғарғы жылдамдығы – секундына 22 метр, жел екпіні – секундына 30 метр.

Үйлердің шатырларын ұшырған ең күшті желді биыл 2 мамырда байқадық. Сол күні Индер ауданында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге, қалада – секундына 23 метрге жеткен.

Интернеттегі қолжетімді метерологиялық мәліметтер қазан-мамыр айларында (8 ай) шығыс және оңтүстік-шығыс желдерінің, ал маусым-қыркүйекте (4 ай) оңтүстік-батыс және оңтүстік желдерінің басым болғанын дәлелдейді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

 

«2011 жылғы желтоқсан – 2012 жылғы мамыр аралығындағы метеорологиялық бақылау бойынша Атырау қаласының жел тармағы». www.atyrau-city.kz сайтынан алынды.

 

Атырау қаласын Желдер тармағының дәл ортасына орналастырыңыз. Қарабатанды шартты түрде ШСШ – шығыс-солтүстік-шығыс сәулесінің шетіне қойыңыз. Тармақ сәулесін жауып тұратын ақ түсті қисық көпбұрыш  осы бұрыштың бойымен ортасына қарай бағытта (қала жаққа қарай) желтоқсан-мамыр айларында басым желдің (шығыстан – оңтүстік-шығыстан) соғатынын көрсетеді. Қарабатан жақтан басым жел Сорочинка мен Сарайшық жаққа қарай соғады екен.

13 маусым 2012, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.