AZATTYQ.ORG. «Трамп пен Мирзияев қандай мәселелерді талқыламақ?» - Мамырдың 16-сы күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыртуымен алғаш рет Ақ үйге ресми сапармен бармақ. Екі ел президенттері кездесуде адам құқығы мәселелерін, Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей әрекеттерін сөз етеді.
ABAI.KZ. «"Зар заман" туралы шындықты әлемдік аудиторияға біздегі қай "эксперттер" айтқызбай отыр?» - Түркияда «Білік» (Bilik) атты гуманитарлық саладағы беделді ғылыми журнал бар. Ол рейтингісі жоғары, SCOPUS халықаралық базасына кіретін басылым. Оның мақалаларын тек Түркия емес, түркі әлемін зерттейтін дүниежүзілік ғылыми қауымдастықтың мамандары оқиды.
AIKYN.KZ. «Ауыл өз бюджетін белсенді жұмсауда» - Биыл мыңнан астам ауылдың төл бюджеті пайда болды. Бұған дейін олар аудандық бюджетке тәуелді болып келген. Бұл дерек кеше Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жария етілді.
«Балаңызды батуттан сақтаңыз» - Былай қарағанда елеусіздеу тақырып болғанымен, батут та бас ауыртар мәселелердің қатарында. Кәдімгі балалар ойнайтын секірткіш ойын құрылғысын айтамыз. Батутқа апарған баласын ауруханаға сүйрелейтін ата-ананың қатары артқан соң алаңдай бастадық.
«Қор жинауды неге құнттамаймыз?» - Әр ата-ананың ұрпақ алдындағы міндеті – жақсы тәрбие мен білім беру. Тәрбиені әркім өз ақыл-санасына, парасат-пайымына, тұрмыс-тіршілігіне қарай беретіні анық. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Білімге келсек, баласы «жерде қалмас үшін», жоғары білімді болғанын қалайды. «Жинауды неге құнттамаймыз?» - Әр ата-ананың ұрпақ алдындағы міндеті – жақсы тәрбие мен білім беру. Тәрбиені әркім өз ақыл-санасына, парасат-пайымына, тұрмыс-тіршілігіне қарай беретіні анық. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Білімге келсек, баласы «жерде қалмас үшін», жоғары білімді болғанын қалайды. ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, бағы мен бабы қатар шапқан талапкер мемлекеттік грант иегері атанатыны анық.
«Әуезовтің тұңғышы» - Мұғамила Әуезова – ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің тұңғышы. Өзі де әкесі туралы естелігінде «Тұңғышы едім әкемнің» деп жазғаны бар-ды. Қаламгердің тұңғыш қызының туғанына – 100 жыл.
INFORMBURO.KZ. «Бекітілген терминдер неге қолданылмайды?» - Оқулыққа кірген кей терминдерге қатысты неге шу шығады? Оны қадағалайтын құзіретті мекеме бар ма? Ата-әжелеріміздің тілі келмейтін сөздерді неге көбейттік?