Атырау, 24 қараша 15:38
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Думлер де дәрменсіз

9 281 просмотра

Редакцияға қала маңындағы поселке тұрғындарынан соғылған қоңыраулар жиілеп кетті. Тұрғындар үйлерінде сарышаянның қаптап кеткендігіне алаңдаулы.

«Атырау облыстық дезинфекциясы» ЖШС директорының орынбасары Александр ДУМЛЕРДІҢ айтуынша, үйлерінде сарышаян көбейіп кеткендігіне қатысты тұрғындардың шағымдары бірер жыл бұрын жиілеген, ал биыл шағым өте көп екен.

- Өкінішке орай, қазір біз ештеңемен көмектесе алмаймыз. Сарышаяндар медициналық залалсыздандыру объектісі боп табылмайды. Бұл бунақ аяқтылардың улы түрі. Ал біздің кәсіпорын қала тұрғындарына эпидемиологиялық қауіп төндіретін жәндіктерді залалсыздандырумен айналысады. Сарышаяндардың ешқандай ауру тасымалдамайтыны белгілі, сондықтан оны жою біздің кәсіпорынның құзырында емес. Оның үстіне, өз тәжірибемізде қолданатын улар оларға әсер етпейді. Бір нәрсені анық айта аламын: егер сарышаяндардан келетін қауіп өзекті болса, оны зерттеуге кірісіп, осы мәселені шешу жолдарын іздестіретін боламыз, - деп түсіндірді А. Думлер.

Сарышаяндардың қаншалықты қауіпті екендігі және өзімізді, баспанамызды қалай қорғауға болатындығы туралы облыстық обамен күрес стансасының аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және эпизоотологиялық зертхана меңгерушісі Фёдор САРАЕВТАН сұраған едік:

- Әрі кеткенде, сарышаян егер өзінің улы құйрығын шаншып алатын болса, сол жерінен ауырсыну сезіледі. Сарышаян шаққаннан кісі өлімі болған жағдай кездескен жоқ.

Басты мәселе –  сарышаяндар неліктен үй ішінде пайда болады? Ол басқа жәндіктерді аулауға келеді. Оларды көбінесе үйлердің ақ қабырғаларынан көруге болады, өйткені оларды анағұрлым жарық жерлер тартады. Егер есік немесе терезе ойығында саңылаулар бар болса, үйге оп-оңай кіріп кетеді. Сондықтан барлық саңылауларды бітеп, түнгі уақытта терезе мен есікті ашық қалдырмау керек. Егер үйге сарышаяндардың кіріп кету қаупі бар болса, арнайы масаханаларға ұйықтаған дұрыс. Киінбес бұрын аяқ киімді тексеріп, киімді қағып-сілкіген жөн, - деп кеңес берді маман. - Жалпы сарышаяндар далада кездеседі. Алайда, жәндіктердің әр түрінің әлсін-әлі жаппай көбейетін уақыттары болады. Шамасы, биылғы ауа-райы олардың көбеюіне қолайлы болған сияқты. Сондықтан, олардың көбейгендігі қаладан да байқалған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

13 маусым 2012, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.