Атырау, 19 желтоқсан 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаев неге айнып қалды?», «Саяси тұтқындарды босатуды талап еткендерді полиция ұстады»,«Мақсат Халық: Зейнетақы қорына қол сұққандардың жымысқы ойы бар сияқты», «Ресейге қатысы бар фирма Трамп адвокатын неге жалдаған?».

2 966 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Саяси тұтқындарды босатуды талап еткендерді полиция ұстады» - Бейсенбіде Астана мен Алматыда "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптауға жол жоқ!" деген талаппен ондаған адам көшеге шықты. Рұқсат етілмеген акцияны күштеп таратқан полиция ондаған наразыны ұстап әкетті.

«Ресейге қатысы бар фирма Трамп адвокатын неге жалдаған?» - АҚШ Президент Дональд Трамптың адвокатын жалдаған Нью-Йорктегі инвестициялық фирма жақында АҚШ санкцияларына іліккен Ресей миллиардері Виктор Вексельбергке қолғабыс жасамағанын айтады.

«Қазақстанға турист неге аз келеді?» - Қазақстан үкіметі туристік қызметті реттейтін заң әзірлеп жатыр және шетелдіктердің елге келуін жеңілдететін электронды виза енгізгендерін мәлімдеді. Мұның бәрі елге келетін шетелдік туристерді көбейтіп, туризмді экономиканың дамыған саласына айналдыра ала ма?

ZHASALASH.KZ. «Николай Никулин: Соғыста, әсіресе, қазақтар өзін-өзі ататын» - Соғыс үлкен кабинеттерде жоспарланып, жүзеге асады. Бар ауыртпалық қарапайым солдатқа түседі. Қан кешеді. Өлім құшады. Қыршынынан қиылады. Зәуде тірі қалса, санасына соғыс салған жара өмір бойы сыздап, жанын жегідей жейді.

QAMSHY.KZ. «Қ. Қасымовтың қоластында сутенердің қанша сүйеушісі бар?» - Қ. Қасымовтың қоластында сутенердің қанша сүйеушісі бар? Секс-құлдықтан қашып шығып, көптің арашалауымен ғана басына бостандық алған, бірақ ертеңіне әлі де үреймен қарайтын Раушан есімді қыздың тағдыры елдің жағасын ұстатты. 

INFORMBURO.KZ. «Қазақ халқының біртуар ұлы Мұстафа Шоқайдың сатқын таңбасын алып тастай алдық па?» - Мұстафа Шоқай өз мақсатына жетті, оның ұлттық идеология туралы ұстанымы халқына мұра болып қалды. Ал ұрпақтары сатқын емес екенін дәлелдеді дейді зерттеуші.

«Үнемді саяхат: ақылмен жұмсаса, аз ақшаға да көп елді аралап қайтуға болады» - БҰҰ дүниежүзілік туристік ұйымының есебінше, әлемдегі туристер саны 1,3 млрд-тан асыпты. 

DALANEWS.KZ.  «Назарбаев неге айнып қалды?» - Саясаткер Әміржан Қосановтың «zonakz.net-ке» берген сұхбаты шағын болғанмен, біраз дүниенің басын шалып үлгеріпті. Армениядағы жағдай Қазақстанда қайталанса билік қандай қарекет қылады? «Нұр Отан» кімнің арқасында «жан сақтап» отыр? Назарбаев билікті парламентке тапсырудан неге айнып қалды?

«Ғалымжан» - Ол әуел бастан «демократ» еді. «Дамыған бақытты елдердің жүрген жолдары ұқсас. Өйткені қай жерде болсын нарық пен демократия заңдары математика мен физика заңдары сияқты бірдей» дейтін.

  QAZAQTIMES.COM. «Мақсат Халық: Зейнетақы қорына қол сұққандардың жымысқы ойы бар сияқты» -  Халықтың зейнетақы қорына жинап жатқан ақшасы банктер мен бизнеске берілетін болды. Өткен аптада Ұлттық банк төрағасы қордағы 200 млрд теңгенің облигациялық бағдарламаны іске қосу үшін жұмсалатынын мәлімдеді. Яғни, осы қаражатқа банктердің құнды қағаздары сатып алынбақ. Данияр Ақышев зейнетақы қорынан алынатын қаржы - барынша қорғалады, сондықтан жұрттың алаңдауына себеп жоқ деп, кесіп айтты. 


11 мамыр 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.