Атырау, 24 қараша 15:42
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Емхана қызметі қалтқысыз

3 371 просмотра

Атыраудағы ескі медициналық мекемелердің бірі - №2 емхана жаңа технологияларды енгізуде. Енді оның пациенттері  барлық қажетті деген ақпаратты www.emhana2.kz. сайтынан таба алады. 

Емхана Атыраудың сол жақ жағалау бөлігіндегі 51 мыңдай тұрғынға қызмет көрсетеді. Емхана қаланың тұрақты тұрғындарынан басқа, еліміздің басқа аймақтарынан келгенгендерді де қамтиды. Алмагүл ықшам ауданынан екі жаңа емхана бой көтергелі халықтың ересек бөлігі сонда кетті де №2 емханада педиатриялық бөлім ашылды. Емхана әкімшілігі лицензияға жалғама алуға тапсырыс берді, енді жуық арада балалар үшін 

жұмысқа белгілі бір сала мамандарын алуды жоспарлап отыр: көз дәрігері, невропатолог, хирург және отоларинголог мамандар.

Ересек тұрғындар үшін мамандардың штаты жинақталды – екі хирург, окулист, отоларинголог, невропатолог, УЗИ мамандары жұмыс жасайды. Бүгінгі күні екінші кардиолог дәрігер оқудан өтуде. Эндоскопист, гастроэнтеролог және инфекционист-маман бар. Қаланың барлық емханаларындағы бір ғана қан тамырлары хирургі бұл жерде аптасына төрт рет қабылдау жүргізеді және аптасына үш рет пациенттер гематологтың қабылдауында бола алады. Жақында №2 емхананың өзінің дәрігер-лобаранты пайда болды (барынша тапшы маман), ол зертханалық тексерулердің барлық түрін жүргізеді, В және С жұқпалы гепатитіне пацинеттердің скрингтік тексеруінің бірінші кезеңін өткізе алады.  

1 600ересектер мен  350 балалардың ішінен бүгінгі күні гепатиттен жартысына жуығы тексеруден өтті: оның 10-ның нәтижесі оң болды – енді олар қайтадан тексеруден өтуге тиісті. Заманауи құрал-жабдықтардың арқасында емхана дәрігерлері көптеген сырқаттардың, оның ішінде мидың зақымдануының диогностикасын жүргізе алады.

- Барынша сапалы қызмет көрсету үшін біз «кезексіз емхана» бағдарламасын енгіздік және бірінші кезекте біздің қызметкерлерімізді келушілерден бөліп тұратын әйнек қоршауларды алып тастадық. Енді олар еш кедергісіз сөйлесе алады. Екіншіден, қызметтерді бөліп, оларға: шақыртуларды қабылдау, жедел медициналық көмек көрсету қызметкерлерімен жұмыс үшін, пациенттердің алдын ала жазылу және анықтама үшін жеке телефондар бердік. Мұндай жұмыстар біздің Жилгородоктағы филиалда жүргізілді, -деп әңігімелейді №2 емхананың бас дәрігері Аманбек ЖҰМЫРОВ.

Емхана өз қызметінің аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Күрделі жөндеуден кейін жертөлелер түгелімен шаруашылық блокқа айналатын болады, оған 44 млн теңге бөлінді. Ал, босап қалған кабинеттерге әкімішілік массаж кабинеттерін, медициналық киім-кшешек тігетін цех  және басқа да қызмет түрлерін көрсететін орындар ашпақшы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

13 маусым 2012, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.