Атырау, 24 қараша 15:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тазалық салоны

9 758 просмотра

Суретті салған Саша ДЕНИСОВЖаңа санитарлық ережелер мен нормалардың қабылдануына байланысты шаштараздар мен сұлулық салондарына қойылатын талаптар да өзгерді. Ең маңызды жаңалықтар туралы арнайы семинарда кәсіпкерлерге Атырау қаласының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының коммуналдық бөлімінің бас маманы Қаламқас АМАНЖОЛОВА әңгімеледі. Ол тек салондардың қожайындарына ғана емес, бізге, олардың қызметін тұтынушыларға да қызықты.

Шашты ретке келтіргеннен кейін шаштараздар арнайы қылшақтармен (кисть) клиенттің беті мен мойнына түскен шаш қиындыларын сүртіп тастайды. Үйреншікті көрініс, солай емес пе?! Ал, іс жүзінде қиылған шаштарды түсіру үшін қылшақтарды пайдалануға тыйым салынған. Шаштараздар таза жеке сулықты немесе мақта тампонын пайдалануы тиіс. Балаларға қызмет көрсету кезінде оларды ересектер креслосына орнатылған арнайы көлденең салмаға отырғызады. Алайда, ереже бойынша олардың бойлары мен жастарына сәйкес келетін өз креслолары болуы тиіс. Тарақтар, қылшақтар, шаш қиятын қайшыларды әр клиенттен кейін шаштараздар ағын сумен жуып, стерилизаторға немесе зарарсыздандырғыш ерітіндіге салуы тиіс. Бұл ереже шаштараздың бәрінде бірдей сақтала бермейді.

Әрине, тері немесе шырышты қабаттар зақымдалуы мүмкін қол қимылына (маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пиллинг, косметикалық қызметтерге) пайдаланылатын барлық аспаптар зарарсыздандырылуы тиіс. Аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазарту, уытсыздандыру және зарарсыздандыру осы мақсат үшін жабдықтармен жарақталған арнайы орынжайда жүргізіледі. Аспаптарды өңдеу үшін орынжай «лас аймақ» және «таза аймақ» деп бөлінеді. «Лас аймақта» құралдарды алдын ала тазартады, «таза аймақта» уытсыздандыру мен зарарсыздандыру жүзеге асырылады.

Шеберлер жұмысқа орналасқан кезде және содан кейін жыл сайын В және С вирустық гепатиттеріне қатысты тексеруден өтуі тиіс. Ауру жұқтырудың алдын алу үшін барлық жұмыстар резіңке қолғаптармен жүргізіледі. Егер шеберде ашық зақымданған іздер, жарақаттар, сызаттар, іріңді жаралар бар болса, олар қорғаныш үшін саусаққаптар киюі немесе лейкопластырь жапсыруы тиіс. Декоративтік косметика жағу кезінде олар әр клиенттен кейін карандашты егеп немесе кесуі, ал далапты, кірпік бояғышты, қабаққа жағатын бояу мен опаны бір мәрте пайдаланатын қылшақтармен жағуы тиіс. Жаңа санитарлық ережелер мен нормаларда осы сақтықтардың барлығына бекер көңіл аудармаған

Өйткені шаштараздар тек тері аурулары ғана емес, жұқпалы ауруларды жұқтыру көзі боп табылуы мүмкін. Эпидемиямен қарсы режимді және уытсыздандыру режимін, зарарсыздандыру алдындағы тазарту және аспаптарды зарарсыздандыруды ұйымдастыру толықтай шаштараз әкімшілігіне жүктеледі. Келушілерге қолданылатын және сатылатын шашқа, тырнаққа және теріге күтім жасайтын құралдардың қауіпсіздігін растайтын құжаттары және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болуы тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 маусым 2012, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.