Атырау, 19 желтоқсан 08:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Cенат қабылдаған жер заңына сұрақ – көп, жауап – жоқ…», «Алмас Ахметбекұлы: “Шекара қызметінің кешегі әрекеті – ұлттық трагедия”», «Өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға кім жатады? Оларға салық қалай салынады?», «Біз қалай күресіп жүрміз?».

2 595 просмотра

QAZAQUNI.KZ. «Алмас Ахметбекұлы: “Шекара қызметінің кешегі әрекеті – ұлттық трагедия”» - Бес-алты сағат ұшақта ұшып келген қазақ әйелін оның денсаулығына қарамастан қайта ұшаққа отырғызып кері қайтарған Алматы әуежайындағы Шекара қызметінің офицерінің бұл шешімінде 4 бірдей қателік бар.

«Cенат қабылдаған жер заңына сұрақ – көп, жауап – жоқ…» - Мәжілістің аграрлық комитетінің төрағасы, депутат Берік Оспановтың айтуынша, «шетелдіктерге жер беруге тыйым салатын» бес жылдық мораторий мерзімі біткенге дейін жерге қатысты заң тағы өзгермек.

INFORMBURO.KZ. «Өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға кім жатады? Оларға салық қалай салынады?» - Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ай сайын "бірыңғай жиынтық төлемін" төлейтін болады. Бұл санатқа кімдер жатады? Не үшін қолға алынып жатыр?

  AIKYN.KZ. «Қазақ даласындағы доллар дәуірі» - Осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда «құмар ойынның» әлемде жоқ түрі пайда болды. Халық, әсіресе  қалалық бөлігі аққұла америкалық валютаның әр қадамын бағып, қалай қарай ытқитынын күн сайын тексеріп тұратынды шығарды. Көптеген қазақстандықтар жиған-тергенін «жасыл қағазға» аударып та үлгерді. Сарапшылар да қарап қалмай, «бағам әткеншегі» деген ұғымды ойлап тапқан. 

«Қазақстанда жасақталған ұлттық дивизия» - Қазақстан жеріне соғыс өрті жеткен жоқ, бірақ қазақстандықтар алғы шептердегі шайқастарға және Қызыл армияны жауды талқандауға қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге белсенді қатысты. 

«Біз қалай күресіп жүрміз?» - «Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар». Елімізде жемқорлықпен күрес жолдары күшейгенімен, амалын тауып ел қазынасын асап қалып жатқандар азаймай тұр. Ресми деректерге сүйенсек, жемқорлықтың кесірінен ел экономикасы жыл сайынғы бюджеттің 10 пайызына тең қаражат жоғалтады екен. 

«Қазақ жастарына қай елде оқыған тиімді?» - Тәуелсіздік алғалы бері жастар үшін шетелде оқу мүмкіндігі арта түсті. «Болашақ» бағдарламасы бұл мүмкіндіктің аясын тіпті кеңейтті десе болғандай. Одан бөлек өз қаражат, өз қалауымен шекара асып жатқандар да бар. Соңғы 7-8 жылдың көлемінде шетелде білім алу мүлде таңсық болмай қалды. Қалыпты жағдай іспетті. Дәл қазір басқа мемлекеттерде білім қуып жүрген қазақ жастарының санын тап басып айту қиын. Әр деректерде әртүрлі айтылады. Бұл жолы біз қазақстандық талапкерлердің көбінесе қай елдерді таңдайтынын, олар үшін қай елде білім алу тиімді екенін көтергіміз келеді.

AZATTYQ.ORG. «Әмин Елеусінов бостандыққа шықты» - Екі жылға сотталған мұнай саласында қызмет көрсетумен айналысатын Oil Construction Company (ОСС) кәсіпорны кәсіподағының төрағасы Әмин Елеусіновтің түрме жазасы шартты түрге ауыстырылды.

 «Миграция - проблема емес, басқаруды қажет ететін процесс» - Халықаралық Қызыл крест және Жарты қызыл ай қоғамдары федерациясының бас хатшысы еңбек миграциясын проблема ретінде емес, дұрыс басқаруды қажет ететін процесс ретінде қарастыру қажет деп санайды.


5 мамыр 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.