Атырау, 15 қараша 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

Көктегі құпия не нәрсе?

3 327 просмотра

Кеше, 7 маусымда шамамен 22 сағат 30 минутта Атырауда көк төрінен түсініксіз атмосфералық құбылыс байқалды.  Ұйқыға дайындалып жатқан қала тұрғындарының ұйқылары шайдай ашылды. Біреулері ұшақ құлаған десе, енді біреулері керісінше, жарық берiп тұрған зат жерден аспанға қарай көтеріліп кетті деп, әркім өз болжамдарын айтып жатты...

Бізге облыстық ТЖД кезекшісі Асқар МУСИН департаментке ешқандай төтенше жағдайлар жөнінде хабарлама түспегенін, көктен ешқандай объектінің құламағанын айтты.

Атырау әуе жүйесінің ұшу қауіпсіздігі инспекциясының бастығы Нұрбай ШАГИМОВТЫҢ пікірінше, бұл ұшып өткен реактивтi ұшақтың iзі болуы мүмкін. «11-12 километр биіктікте ауа температурасы минус 60 градусты құрайды, ал двигательден плюс 2000 температурада газ бөлінеді, осы себепті аспанда жарқыраған із қалады. Бұл жағдайда із батар күннің шұғылаларымен шағылысқан», - деп есептейді тәжірибелі ұшқыш. Бәлкім, шынымен де бiз атмосфераның жоғарғы қабатында жарықтың ерекше сынуының сирек жағдайына куә болған шығармыз...

«Қазгидромет» РМК филиалы директорының орынбасары Татьяна АКАТЬЕВА:«Бұл мүмкiн, облыс шекарасында ойнаған найзағайдың «күміс бұлттар» деп аталатын iздерi шығар. Бір қызығы, осы атмосфералық құбылысты соңғы 20 жылдар ішінде тiркеген жоқпыз. Қорқынышты ештеңе болған жоқ», - деп өз пікірін білдірді.

Дегенмен де, көкейде ғажайып сыр бар-ау деген түйткіл қалып отыр. Ең бастысы – көктен қорқыныш келмесе екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 маусым 2012, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.