Жаз келді жадырап,
Жайнады атырап.
Сыбдырлап жаз әнін,
Айтады жапырақ.
Жайнатып өңірді,
Қайнатып өмірді.
Жазбенен басталар,
Каникул көңілді.
Самалмен ырғалған,
Гүл теріп қырлардан.
Көбелек қуып бір,
Шығайық құмардан.
Жайлауда мал бағып,
Егісте дән қағып.
Үш айда әншейін,
Жатпайық жан бағып.
Табыс та табайық,
Кәдеге жарайық.
Сүйікті мектепке,
Есейіп барайық.
Тарас НАУРЫЗӘЛІ