Атырау, 24 қараша 14:10
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарапайым қабылдау

2 225 просмотра

Оралмандар үшін қазақстандық азаматтықты рәсімдеу процедурасы жеңілдетілді. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясының бастығы Руслан ӘДІЛОВ хабарлады.

– Азаматтық туралы заңның 17-бабына өзгерістер енгізілген, соған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш берген этникалық қазақтар мен олардың ұрпақтарына енді бұрынғы азаматтықтан шығуы немесе тоқтатылуы туралы анықтама ұсынудың қажеті жоқ, -дейді Р. Әділов. –  Ұлты қазақ шетелдік тұлғаны ҚР азаматтығына қабылдау жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылатын болады.

Бұрын оралмандарға қазақстандық азаматтықты рәсімдеу үшін Астанаға ҚР президентінің аппаратына баруға тура келетін. Енді бұл процедура жергілікті жерлерде жасалатын болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

6 маусым 2012, 21:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.