Атырау, 1 желтоқсан 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Оқиғалар хроникасы

1 915 просмотра

Өзенге құлаған «Нивада бес адам көз жұмды

3 мамырда сағат 16-да Махамбет ауданының Бейбарыс (бұрынғы Чкалов) селосының маңында Жайық өзенінде ішіндегі адамдарымен бірге «Нива» автокөлігі суға батып кеткен.

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, «Нивада» 24-тен 34 жасқа дейінгі бес ер адам болған. Олардың бәрі де қаза тапты.

Облыстық судан құтқару қызметінің бастығы Ерболат ҚИБАШЕВТІҢайтуынша, оқиға туралы трагедия болған жерге жақын маңда демалып жатқан адамдар хабарлаған. Олардың айтуынша, көлік тоғайдан шығып келе жатып, жардан өзенге қарай құлап кеткен. Шамасы жүргізуші бұрылысты байқамаған болса керек. Сүңгуірлер мәйіттерді көлік ішінен тапты, салоннан ешкім шыға алмаған.

 

Жоғалған балықшылардың мүрделері табылды

30 мамырда Каспий теңізінде 26 мамыр күні Исатай ауданының Мартыши кенішінің маңындағы теңізде жоғалып кеткен (ГП №22, 31.05.2012.) үш балықшының денелерін судан шығарып алды. 1987 ж.т. Р. Сармановтың, 1992 жылғы К. Нұрдәулетовтің, 1993 ж.т. И. Есенғалиевтің мүрделері табылған.

1983 ж.т. А. Елеуовтің денесі келесі күні табылды.

 

«Қанішер» суағар

30 мамыр күні 15 сағат 45 минутта «ҚазТрансОйлдың» Батыс филиалының «Қиғаш» желілік-өндірістік диспетчерлік қызметінің қызметкерлері Құрманғазы ауданында Астрахан-Маңғышлақ суағарында монометр көрсеткіштерін алып жатқан. Сол кезде тұрба жарылады. Нәтижесінде 1960 жылы туылған желілік тұрба жүргізуші К. Үмбетқалиев зақым алып, ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Қалпына келтіру жұмыстары «ҚазТрансОйл» БФ күшімен жүргізілуде.

 

Өзенге батып кетті

29 мамыр күні кешкісін Қызылқоға ауданының Миялы селосында суға шомылып жүрген 1994 жылы туылған Р. Қабиев өзенге батып кеткен. Бір тәуліктен кейін облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен денесі судан шығарылды.

6 маусым 2012, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.