ABAI.KZ. «Қытай қазақтарын қорғау қозғалысын құру керек» - Қытай қазақтарының тағдыры Қазақстанның Қытаймен арнайы келісімге келуіне байланысты.
«Билік Березовка балаларының "токсиннен уланғанын" терістеді» - Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылында 2014 жылдан бері белгісіз жағдайда есінен танып құлап қалатын ауруға тап болған балалар тексерілді, дәрігерлердің бақылауында және ауруханаға жатқызу керек емес деп мәлімдеді 26 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова.
DALANEWS.KZ. «Алтынбек Сәрсенбаев: “Театрға бір рет келіп, отыз күн айтып жүретін шенеунік емеспін”» - Қазір жұрттың бәрі өзін жарнамалауға жаны құмар. Күні кеше ғана Оғыз Доған мен Qazkom арасында қазақ тіліне қатысты дау туындағанда экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров орынсыз жерден киілігіп, дауға шоқ үрлеп, өзінің жарнамасын жасап қалды. Тіпті, ол өзінің көздегеніне қол жеткізді десек те болады. Бердоңғаров Оғыз Доғанды сотқа беруге кеңес берді».
«Олар Аяз бидің өсиетін ұмытты» - Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің осыдан шамасы 10 жыл бұрынғы сұхбаты әлі де ескірмепті. Әлі де өзекті екен. Өзгермепті біздің ел.
QAZAQTIMES.COM. «Саргсянның отставкаға кетуі Арменияда нені өзгертпек?» - Ресей билігі бұл оқиғаны «Батыс сценарийі» деп бағалады. Алайда, бұл — экономикалық жағдайға алаңдаған халықтың наразылығы еді.
«Елдес ОРДА: Қытайдағы қазақ мәселесін шешудің алты жолы» - Өткен жылы осында "Қытайда қазақ қаупі бар ма? " атты мақаламды жариялағаннан кейін, іле-шала сиямды құрғатпай "Қазақстан Қытайдың стратегиялық тұзағына түсе ме?" атты сараптамалық мақаламды жазып едім, бірақ жұртқа жария етпедім. Оның себебі көп еді... Бүгін сол негізде бірер ойды ортаға салмақпын.
«Мәскеу Астанаға ақпараттық шабуылын не себепті күшейтті?» - Өткен аптада Ресей БАҚ өкілдері ресми Астананы Сүрия мәселесі бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде «Ресейді қолдамады» - деп айыптаса, осы аптада Кремль маңындағы жазғыштар мен айтқыштар Қазақстанды «Каспий тыныштығын бұзды» - деп айыптады.
365INFO.KZ. «Қазақстанның АҚШ-қа жалға әскери база бергені рас па?» - Көптен бері айтылып жүрген Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуылды ресейлік басылымдар бастап кетті. Бұл өте қауіпті құбылыс, — дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.
AIKYN.KZ. «Тиімді депозитті қалай таңдауға болады?» - Депозит нарығында долларсыздандыру үдерісі одан әрі жалғасуда. Соңғы дерекке сүйенсек, еліміздегі депозит көлемі 16,9 триллион теңгеге жеткен. Ұлттық валютадағы депозит 9,3 триллион теңге болса, шетел валютасымен – 7,6 триллион теңге. Шетел валютасының депозиттегі салыстырмалы үлесі осы жылдың ақпанында 45 пайызға төмендеген. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің айтуына қарағанда, екі жыл бұрын долларсыздандыру үлесі 70 пайыз болған екен.