AZATTYQ.ORG. «Орамалын шешпеген оқушылар "келесі сыныпқа көшпейді"» - Батыс Қазақстан облысында (БҚО) жергілікті билік төрт оқушы қыздың әке-шешесін қыздарын сабақта орамалдарын шешіп отырсын деген талапқа көндіре алмай жүр. Әкелері "қыздарым қазақ әйелдерінің ұлттық бас киім түрі - кимешек киеді" деген уәж айтады. Алты ай бұрын БҚО-да 160 орамал таққан оқушы қыз болған. Бірақ қыздарының мектепте орамал тағып жүру құқығын сот арқылы қорғауға тырысқан ата-аналардың сәтсіздікке ұшырап, айыппұл төлеуге мәжбүр болған соң әрі шенеуніктердің үгітінен кейін оқушы қыздардың бәрі дерлік сабаққа орамалдарын тастап барып жүр.
«Браконьерлермен күрес заңсыз балық аулауды тыя алмай тұр» - Атырау облысында заңсыз балық аулаушылармен күрес жүргізіліп жатқанына талай уақыт болды. Браконьерлікті біржола тыйып, азайып бара жатқан бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын құтқарып қалуға күш құрылымдарының шамасы жете ме?
365INFO.KZ. «Елбасы сынға алған банктер неге жанталасып кетті?» - ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев көрсеткіштері көңіл көншітпейтін банктерге көмек берілетіні, не берілмейтіні туралы сауалға жауап берді.
«Қазақстанға орыстар өте керек» - Көп қызықтар болып жатыр, соңғы кезде. Мәселен, Қазақстанда бірен-саран ғана орыс қалып, елде тек қана қазақтар қалса не болады?
DALANEWS.KZ. «Бердоңғаров Оғыз Доғанды сотқа беруге кеңес берді» - Қазір әлеуметтік желі де қандайда бір дау туса, соған желімше жабысып, пікір білдіргенсіп, бүйректен сирақ шығаратындар көбейгені жасырын емес.
«Балтабек Нұрғалиев: “Назарбаевты мақтау? Бұл биліктің тапсырысы емес”» - Соңғы кезде әлеуметтік желіге президент пен оның отбасына қатысты отты өлең жолдарын жиі жариялайтын ақын қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Балтабек Нұрғалиев кім? Оның мемлекет басшысына арналған тағы қандай өлеңдері бар?
ABAI.KZ. «Орталық Азияны неге Нью-Йоркте біріктіруде?» - Қазақстанның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатының айтулы табысы - Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі қызметінің негізгі басымдықтары Ұлт Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем орнату үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға Қазақстанның көзқарасы» саяси мәлімдемесінде нақты тұжырымдалғандай, Орталық Азия аймағының өзекті мәселелерін, соның ішінде көршілес Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнату мақсатын көздейтіні мәлім.
«Шәмшінің соңғы сұхбаты» - 1990 жылдың тамыз айында Шәмші ағамыз 60 жасқа толды. Радиодан бір хабар, 2-3 газетте ол туралы мақалалар жарық көрді. 1991 жылы қаңтар айында Алматыдағы орталық концерт залында композитор әндерінен концерт болып, екі кеш зал халыққа лық толды. Бірақ Орталық Комитеттен, мәдениет министірлігінен бірде-бір лауазымды адамдарды байқамадым, атақ-даңқынан ат үркетін өнер адамдары да көзге түспеді.
AIKYN.KZ. «Теңге тегеурінді бола ала ма?» - Ұлттық валютаның әлсіреуіне, күшеюіне, талықси құлап, қайта ес жинауына куә болып келеміз. Әйтеуір, теңгеміздің басынан тұрақсыздық айналшықтап шықпай қойды. Өмірге келгеннен бері 72 есе арзандағанын айтпағанның өзінде, соңғы алты жылда екі рет бетіне су бүркіп әрең қалыпқа келтірдік. Девальвацияны айтамыз. Теңгенің тегеуріні соңғы уақытта қайта құлдырағандай. Министрдің «алда-жалда бір нәрсе бола қалса, үш сценарий әзірлеп отырмыз» дегені тағы бар.