AZATTYQ.ORG. «Тіркелмегендер "жұмыссыздар" санатына жатпайды» - Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмысқа қабілетті 400 мың жастың 280 мыңы ғана тұрақты жұмысы бар деп есептеледі. Қалған жастың қайда жұмыс істеп жүргені белгісіз. Сондықтан олар «өз-өзін жұмыспен қамтығандар» санатына енген.
«Қазақстанда "баспасөз еркіндігі" нашарлаған» - "Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы есебінше, әлемдегі сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігінің жағдайы нашарлай түскен.
«Президент қыздары, министрдің ұлдары және Дубайдағы жобалар» - OCCRP консорциумы журналистері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің және елдің төтенше жағдай министрі Кямаледдин Гейдаровтың балалары Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде бизнеске, қымбат тұратын жылжымайтын мүлікке және сәнді қонақүйлерге инвестиция құю үшін ондаған офшор компанияны пайдаланғанын анықтады.
QAMSHY.KZ. «Қазақстандық қылмыс «серкелері» қалай жойылды?» - Негізінде қылмыс әлемін арнайы сайланған әккі басбұзарлар басқарады. Ондай құрылымдар кеңестік кезеңде, яғни 30-жылдары өріс алып кеткен. Ұжымдастыру, аштық, қуғын-сүргін сияқты зауалды заманда миллиондаған адам темір тордың арғы жағына аттандырылды. Сыймай қалғандарына қосымша абақтылар бірінен кейін бірі ашылып жатты.
«Қазақ қыздары ашкөздіктен ада болса екен» - Қазір біраз әйел өресінің өлшемі – тиын, киім, бұйым. Осы үшеуінен басқаға бас қатыратындары аз. Бір қарағанға, бұл жалғанда одан артық қажеттілік те жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ, бар ғой...
ABAI.KZ. «Өмірхан Алтыннан жеткен хабар және Е. Сағадиевтің есебіне енбей қалған қазақ жастары» - Өткен жолы Қытай елшілігінің екі нояны ел ішін кезіп, Ши елінің шекарасынан асып, Қазақстанға келген қазақ студенттерін жиып жиын өткізгенін хабарладық. Мақала «Қытай елшілігінің екі нояны не мақсатпен ел аралап жүр?» деген атпен жария болды. Онда Қытайда саяси қудалауға ұшырап, қысастық көріп жатқан аз ұлттар, соның ішінде қазаққа қатысты біршама деректер айтылды.
365INFO.KZ. «Намыс жоқ. Нарызылық жоқ. Қазақтың рухы қайда?» - Өз ұлтыңның кемшілігін айту – өз ұлтыңды жек көру емес. Керісінше, қайрау. Жаманан жиренуге, дұрыс жолға бағыттау. Әрине, өз ұлтыңның бойынан нақұрыс қылықтарды көріп тұрып көрмегенсіп, «менің ұлтым сұмдық, әлемдегі ең мықты ұлт» деп жалған ұрандап, көкіректі ұра беруге де болады.
«”Жиэнбеков жеңді!”. Өзі әкелген адаммен алысқан Атамбаев енді не істейді?» - Атамбаетың «адамы» — қырғыздың премьер-министрі болған Сапар Исақовтың кетуі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достыққа, бауырластыққа кедергі қалған жоқ дегенді білдіреді, дейді саясаттанушы Әділ Тұрдықұлов. Осы достықты қалпына келтіруге бағытталған алғашқы қадам – қырғыздың жаңа үкіметі Астанаға 2 жылға жуық болмаған елшісін тағайындады.
«Не бүлдірген?» - 20 сәуірде Астананың Сарыарқа аудандық соты «балағаттау, тіл тигізу» ісі бойынша сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу үшін журналист Гүлжан Ерғалиеваны іздеп табу жөнінде қаулы шығарды.
TURKYSTAN.KZ. «Ағылшын патшайымы һәм картаның төрт королі» - Ұлыбританияның заманауи зайырлы мемлекет екеніне дау жоқ. Бірақ оның елтаңбасынан бастап, белгілі университеттерінің маңдайшасына басылған таңбаға дейін жер-жерде арыстанның бейнесі көзге ұрады.