Атырау, 19 желтоқсан 07:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Шыңжаңдағы "саяси лагерьді" ішінен көрген қазақ», «Омарова: "Боқаев мерзімінен бұрын шығуға сұранбайды"», «Өзбекстанда транзиттік кезең аяқталды. Билік бір адамның қолына өтті», «Р.Жұмалы: 27 жыл ішінде Қазақстан саяси тұрғыдан тәуелсіз ел бола алған жоқ

2 702 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Регрессниктер де өтемақысын көтеруді талап етеді» - Қарағанды облысында өндірісте жарақат алып немесе кәсіби дертке шалдығуына байланысты мүгедек болып қалған шахтерлер биліктен "қайыр болар" деп үміттенеді. Бастамашыл топ мүшелері желтоқсандағы ереуілден кейін жалақыларын көбейтуге қол жеткізген шахтерлер сияқты регрессниктердің де өтемақысын ұлғайтуды сұрайды.

«Омарова: "Боқаев мерзімінен бұрын шығуға сұранбайды"» - Адвокат Айман Омарова өткен аптада Павлодардағы түрме ауруханасында емделіп жатқан Макс Боқаевқа заңдық көмек көрсету үшін барып, кездесіп қайтқанын айтты. Ол Боқаевтың денсаулығының нашарлай түскенін, бірақ оның мерзімінен бұрын шығу туралы мәселені қараудан бас тартқанын хабарлады.

«Шыңжаңдағы "саяси лагерьді" ішінен көрген қазақ» - Қытайдың Шыңжаң өлкесінде ұсталып, "саяси тәрбие орталығында" үш ай қамауда болған, қазір Қазақстан азаматтығын алған Қайрат Самарқан Азаттыққа қандай қиындықты бастан өткергенін, қайтіп босап шыққанын баяндады.

QAMSHY.KZ. «Сөйлей-сөйлей шешен болған шенділер» - Елімізде мемлекеттік тілде еркін әрі шешен сөйлейтін саяси қайраткерлер жоқ емес. Шенеуніктердің арасында қазақ әрпіне тілі келмейтіндердің саны көп болса да, шала қазақша сөйлейтін шенділерді бір сөзімен мың орап, сынға алатын сөзге шешен шенділердің барын біліп шүкір дейтініміз бар. Олар кім? Өз тілінде еркін сөйлеуімен қатар шешендігімен елді сүйсіндіріп, көзге түскен саясаткерлердің тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

QAZAQTIMES.COM. «Өзбекстанда транзиттік кезең аяқталды. Билік бір адамның қолына өтті» -  Қазақстанда билік тарнзиті енді басталып жатса, Өзбекстанда ол өз мәресіне жетті. Ташкент маңындағы кландар тартысы аяқталып, билік бір адамның қолына өтті. 

«Расул Жұмалы: 27 жыл ішінде Қазақстан саяси тұрғыдан тәуелсіз ел бола алған жоқ» - 27 жыл – тәуелсіз мемлекетпіз. Бірақ көріп отырғанымыз – нағыз жүйелі дағдарыс. Бұған дейінгі дағдарысты жағдайлар – 1999,2006,2009,2011 жылдармен салыстырғанда, бүгінгі жүйелі дағдарыстың қаупі де, қатері де, ықтимал салдары да әлдеқайда зор, оны жақсы білесіздер..

AIKYN.KZ. «Бірыңғай экономикалық әлем бізге не ұсынбақ?» - Биылғы Астана экономикалық форумы жаһандық проблемалар талқыланатын алаң ретінде есте қалмақ. Жиындағы басты тақырыптың бірі – Бірыңғай экономика әлемі. Әлемдік нарықтың толық картинасын қалыптастыруға қауқарлы алып державалар соңғы кездері дамуға бірлесіп қадам басып келе жатқандай. Өйткені 2017 жылдың екінші жартысы мен 2018 жылы дүниежүзілік экономика өсім көрсетіп отыр.

EGEMEN.KZ. «Астананың жиырма жылдық мерейтойы қалай тойланады?» - Көрінген таудың алыстығы жоқ демекші, Астананың жиырма жылдық мерейлі мезеті де иек астына келіп қалды. Ақынның тілімен айтқанда «Көкті сүйген көркімен таңғалдырған, Көңілінде көргеннің ән қалдырған» ару шаһардың тағдырындағы дөңгелек датаның дүбірлеген тойға ұласары хақ!


25 сәуір 2018, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.