Атырау, 27 желтоқсан 05:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Эйр Астана» қымбаттады

1 826 просмотра

«Эйр Астана» 1 маусымнан бастап билет сататын кеңселер мен әуе агенттіктерінде халықаралық бағыттарға берілетін әуе билеттеріне сервистік алым енгізеді. Әуе компаниясы таратқан баспасөз-релизінде  былай делінген:

«2012 жылы 1 маусымда Алматы, Астана және Атыраудағы «Эйр Астана» компаниясының билеттерді сату кеңселерінде, әуежайлардағы кассаларда, әуе компаниясының ақпарат және брондау (Call centre) орталығында халықаралық бағыттағы билеттерді жаздырып алу үшін сервистік алымдар енгізіледі. Аталмыш алым әуе тасымалдаушысы рейс жасайтын барлық халықаралық бағыттарға жарияланған тарифтерге қосымша алынатын болады».

Сервистік алымның мөлшері ұшатын бағыттың алыстығы мен брондау санатына қарай 1000 мен 11000 теңге аралығын құрамақ. Әр маршрутқа алынатын алым мөлшері туралы ақпаратты сату кеңселері мен әуе компаниясының сайтынан алуға болады.

Ғаламторға қолжетімділігі бар адамдар билеттерді әуе компаниясының сайтынан өз бетімен сатып ала алады. Ол үшін сервистік алым төленбейді. Жолаушыларға қолайлы болуы үшін 1 маусымнан бастап саяхатқа баруды брондауға өзгертулер енгізілуі мүмкін, әуе билеттерін online тәртіпте кері қайтаруға болады. Ішкі рейстерге сервистік алым алынбайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 маусым 2012, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.