Атырау, 13 қазан 06:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Астрахан жақындай түспек

1 924 просмотра

ҚР автомобиль жолдары комитеті департаментінің директоры Зайнолла МАНЕНОВТІҢ айтуынша, 2014-2015 жылдары республикалық маңыздағы Ақтөбе-Астрахан көлік трассасындағы 605-ші (Атыраудан шығатын жолда) және 893-ші (қазақстандық-ресейлік шекарадағы көпір) километр аралығындағы учаскені қалпына келтіру жоспарланған. Бізге әлі күнге дейін соқпалы жолмен жүруге тура келеді.

Алайда, үстіміздегі жылдың маусымында осы автотрассада 619-ші (туберкулезбен күрес ауруханасының артындағы теміржол өтпесі) және 648-ші километр аралығындағы учаскедегі белгілерді қалпына келтіру, жол жиектерін көтеру, тегістеу секілді орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осы жобаның құны 178 млн теңге. Мердігері – «Даден» ЖШС.

Мақат ауданындағы 468-ші және 487-ші километр арасындағы автотрассаны күрделі жөндеумен «Атырау жолдары» ЖШС айналысады. Бұл жоба 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және келер жылы аяқталмақ. Жұмыстардың жалпы құны 2 млрд теңге. Бұдан басқа, ақтөбелік трассадан Мақат ауданы орталығына кіретін жолға дейінгі 18 километрлік жолды жөндеу жоспарланды. Аталмыш жұмыстардың барлығы кеңестік стандарттарға қарағанда бір жарым есе көп жүк салмағын көтеруге төзімді болу үшін жаңа нормативтер ескеріліп орындалатын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

6 маусым 2012, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.