AZATTYQ.ORG. «Ақорданың көпвекторлы саясаты сынға түсті ме?» - Қазақстан Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған АҚШ пен одақтастарының Сирияға соққы жасауын айыптайтын қарарына қатысты қалыс қалған соң бұл әрекетті сөккендер де, сүйсінгендер де көбейді.
«Польша депутаты: Ерімбетов азаптау туралы айтты» - Қазақстанға жергілікті құқық қорғау ұйымдарының шақыруымен келген Польша Сеймінің (парламент – ред.) депутаты Марчин Свенчицкий мен италиялық құқық қорғаушы Антонио Станго түрмеде отырған бірнеше саяси тұтқынмен, олардың туыстары және адвокаттарымен кездесті. Азаттыққа берген эксклюзивті сұхбатында олар Алматыда өткізген кездесулері жайлы айтып берді.
INFORMBURO.KZ. «Энергетикалық сусын – елірткіш жаңа есірткі ме, әлде жай сусын ба?» - Қазір сергіткіш сусындарды әлемнің 170-тей елінде тұтынады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы олардың қауіпсіздігін растапты. Ал алыпқашпа әңгіме көп.
ABAI.KZ. «Бүгінгі қазақ жазушысының беделі күзетшіден де төмен» - Қазіргі қазақ жазушысы – диуана. Көкірегі сайрап тұр, жүрегі алтын қазына, таланты шартарапқа шабады, қалтасы тесік, кигені жұпыны, жігері жұқалған, беделі мұқалған...
«Қытай елшілігінің екі нояны не мақсатпен ел аралап жүр?» - Қытайдағы қазақтар жайлы Үкіметте арнайы отырыс өтті. Қытайдың саяси қысымына түсіп, айдың күні аманында айдау көрген, темір торға тоғытылып, кісенделген қандастарымыз туралы кейбір деректер айтылды. Депутаттардың деректі сауалдарына министрлер жауап берді. Біз Астанадағы алқа-қотан жиында айтылған әм айтылмай қалған ақпарларға аз кем шолу жасағанды жөн көрдік.
QAZAQTIMES.COM. «Айдос Сарым: Билік ақпарат заманында не істерін білмей отыр» - «Біздің бұл форумға келуіміздің басты себебі – мемлекет үшін. Жақсы білеміз, Әкежан Мағжанұлы айтқан, «Азатты» сақтап қала алмаған сол кездегі парламент 145 заңды сегіз жыл бойы қабылдады. Сол кезде қазақтың өзі – өз жерінде азшылықта болды: әзірбайжан, грузин немесе Балтық елдері халқы сияқты кейбір әңгімені қатты айтқан кезде біздің «донбасстар» сол кезде басталып кетер ме еді».
DALANEWS.KZ. «Бапи: “Транзиттік кезең таяп қалды”» - Қазір, алаң арқылы радикалды түрде билікке қарсы жұмылу мүмкін емес. Брюссельдегі Форумның негізгі тақырыбы осы болды. Елдегі биліктің қайнар көзі халық дейміз ғой. Халықтың мүмкіндігі шектеулі екендігіне көзіміз жетті.
QAZAQUNI.KZ. «Қандастарымызды Қытай мен құдайға тапсырып, қарап отыра береміз бе?» - Қазақстан Үкіметі, Үрімжіге баратын Сыртқы істер министрлігі делегациясы алдын-ала Қытай ырқына жығылуға дайындалып бармай, тең атаның ұлы ретінде теңдік сұрап, қандастарымыздың халін жақсартуға күш салуы керек деп білеміз.
«Трамп пен Ким Чен Ын Астанада кездесуі мүмкін бе?» - Бұл өлке кореялықтар жайлаған жер, желіге қару-жарақ байлаған жер… Корейдің байырғы мекені, ежелгі ата ұйғы. Корей түбегі жер көлемі жағынан 38-ші ендікте ең жіңішке аумаққа ие.Бірақ, бүткіл дүниедегі ең көп әскер қаптаған өртті, тынышсыз аймақ.