DALANEWS.KZ. «Қытайдан қысым көрген қазақ: ” Аяғымды кісендеп тапшанға байлап тастады”» - Жазықсыз түрмеге 8 ай қамаған Қытай елінен Қазақстан азаматы моральдық өтемақы талап етуден бас тартты. Себебі ол сол жақтағы туыстарын көре алмай қаламын ба деп қорқады.
INFORMBURO.KZ. «"Қозы Көрпеш – Баян сұлу" күнін жастар қалай атап өтіп жүр?» -"Валентин" күнін атап өтуді әдетке айналдырған жастар "Ғашықтар" күнін атап өтуге аса құлықты емес. Этнографтар мереке ұлттық сипатта аталып өткен жөн дейді.
«Тіліміздің түгі жығылып, тікені мүжіліп барады» - Көсегемізді көгерткен тіліміздің мәйегі кете бастады. Қасаң тіл қайдан шықты? Табиғи сөздік қорымыз неге жұтап барады? Әңгіме осы мәселе туралы.
QAZAQTIMES.COM. «Қытайдан оқуға келген қазақ жастарына кім пана?!» - Қазірге Қытайдағы қазақтардың жағдайы еліміздегі жұртшылыққа белгілі. Ондағы қандастарымызға көрсетіліп жатқан қысымды қайталап айтып жатпасақ та, көзқарақты қауым анық біліп отыр.
QAZAQUNI.KZ. «Расул ЖҰМАЛЫ: Қоғамдағы жарқышақ ашылып барады» - Қазақтың жеріне, елінің аумағына, оның тәуелсіздігіне, егемендігіне, ұрпағының болашағына алаңдайтын мәселе жеткілікті. 2018 жыл. 27 жыл – тәуелсіз мемлекетпіз. Бірақ көріп отырғанымыз – нағыз жүйелі дағдарыс. Бұған дейінгі дағдарысты жағдайлар – 1999, 2006, 2009, 2011 жылдармен салыстырғанда, бүгінгі жүйелі дағдарыстың қаупі де, қатері де, ықтимал салдары да әлдеқайда зор, оны жақсы білесіздер.
ZHASALASH.KZ. «Бердібек Сапарбаев: Қызметтен кетсем, жастарға сабақ беремін» - "Ауылдағы жастар жалқау боп кетті", ал "шетел көрген жастар тек әкім болғысы келеді" дейді...
AZATTYQ.ORG. «Моңғолиядағы қазақ ұшқышы» - Ұлан-Баторда тұратын ұшқыш Әуез Таштуанұлы дүниежүзіндегі ең ірі ұшақтардын бірін басқарады. 33 жылдық тәжірибесі бар маман Азаттықпен сұхбаттасып, авиация саласының қыр-сырымен бөлісті.
«Атамбаев Жээнбековтің кадр саясатына өкпелі ме?» - Қырғызстанның бұрынғы президенті, биліктегі Қырғызстан социал-демократиялық партиясының төрағасы Алмазбек Атамбаев қазіргі мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековтің кадр саясатына наразы.
QAMSHY.KZ. «Ресейге қарсы "соғыс". Салдары қандай?» - Күні кеше АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізеді. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді. Жаңа санкция Сирия президенті Башар Асадқа әскери техника жеткізетін және химиялық қаруға қатысы бар ресейлік барлық компанияны қамтымақ.
ABAI.KZ. «Әліпби жайлы ақиқат. Біз қалай қателестік?» - Әліпби ауыстыру мәселесінде түрлі пікірлер айтылып жүр. Алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен латынға көшетініміз анық. Оның халыққа пайдасы туралы аз жазған жоқпыз. Десе де, "қазақтың тарихи төл жазуы саналатын руникаға көшейік" дейтін азғантай шоғыр бар екенін барша жұрт жақсы біледі.