Атырау, 24 қараша 13:22
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ел рәміздеріне құрметпен қарайық

2 061 просмотра

Атырауда ҚР мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.

Оған кәсіптік лицей мен колледж оқытушылары және студенттері, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Ақ жол» саяси партиясының өкілдері қатысты. Әсіресе, студент-жастардың отансүйгіштік туралы ой-пікірлері қызықты болды. Мәселен, отандық БАҚ беттерінде жарияланып, қоғамның талқы - таразысына түскен бір-екі мысал да келтірілді. Оның бірі – Тараз қаласындағы бір жеке кәсіпкердің мемлекеттік елтаңбаның суреті бар күлсалғыштарды саудаға шығаруы жайында болса, ендігісі - әнұранды тойханаларда сайыс түрінде айтқызуы жайында. Одан бөлек, еліміздің кейбір өңірінде шетелдің салтын үлгі тұтып, бақилық болған адамның сүйегін шығарарда үстіне елдің туын жабатын «дәстүрдің» пайда болғаны сөз болды.

Атырау облыстық жастар орталығының директоры Руслан ХАМЗА барша халықты ел рәміздерін қорлауға жол бермеуге шақырды.

Айнұр САПАРОВА

6 маусым 2012, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.