Атырау, 7 қазан 10:04
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тірі қалған шекарашы Қарағандыдан болуы мүмкін

2 219 просмотра

ҚАРАҒАНДЫ, 5 мау –Қазақстан жаңалықтары АА. «Арқанкерген» шекара бекетінде жалғыз тірі қалған шекарашы Қарағандыдан болуы мүмкін, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына облыстық әскери комиссариаттағы дереккөз.

31 мамырда қазақстандық БАҚ-тар бірнеше әскери қызметкер қаза тапқан шекара заставасындағы оқиға туралы хабарлады. Сол күні шекара қызметі Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен кейін 13 адамның – 12 шекарашы мен 1 аңшының денесі табылды, деп хабарлады. «Арқанкерген» шекара постының өртенген ғимараты тауда орналасқан, жазда онда 15 шекарашы қызмет етеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен жиналыста болған оқиғаны террористік акті деп атады. 

Сейсенбіде Қазақстанның ішкі істер министрі   Қалмуханбет  Қасымов үкіметте журналистерге соңғы он бесінші шекарашы командирдің қаруымен адам тұрмайтын қыстақта табылды, деп хабарлады. Қазіргі таңда ол тергелуде, алайда бұл ақпаратты министр тергеудің мүдесінде жарияламады. Бұл ретте ол шекарашылардың қазасына «ішкі мәселе себеп болуы мүмкін» деп атап өтті. 

Агенттікпен әңгімелесушінің айтуынша, «Арқанкерген» бекетіне келген 15 шекарашының екеуі Қарағанды облысынан шақырылған. 

«Олардың бірі Балқаштық 21 жасар Нұрланбек Мұқашев, екіншісі 20 жасар Владимир Чевах. Мұқашевтің өлгендігі туралы мәлімет келіп түсті. Ал Чевах бойынша деректер жоқ. Барлық 14 сүйекке сараптама жүргізілді, оған сәйкес жеке бастары анықталды, Чевахтың денесі олардың арасында болмады», - деді агенттікпен әңгімелесуші. 

Тірі қалған шекарашы Чевах деген ақпарат келіп түскен жоқ, алайда «біз сол шығар» деп отырмыз, деп атап өтті ол.

Бесінші маусымда шекарашылардың қаза болуына байланысты Қазақстанда жалпы ұлттық қаралы күн жарияланды. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

5 маусым 2012, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.