Орталық көшелердің шаңын шығарып тазалайтын жаңа машиналарды озық ойлы қала тұрғындары «қауіпті шаң үрлегіш» деп атайды. Бұлай айтулары бекер емес екен.
Осынау қымбат тұратын техниканың Атырау үшін жарамсыз екендігі анықталды.
Естеріңізге салсақ, неміс «шаңсорғыштары» өткен жылдың қараша айында әкелінген болатын. «Арнаулы автобаза» КМК-ның бұрынғы директоры Дулат ТҰРҒАМБАЕВТЫҢ айтуынша, төрт машинаға бюджеттің 90 миллион теңгесі жұмсалған. Ал бүгінде азаматтардың әжуасына қалмас үшін оларды қала көшелеріне түн қараңғылығында ғана шығарады.
- Көше тазалауы тиіс техника неліктен кері әсер туғызып отыр? – деп сұрадық біз «Арнаулы автобазаның» қазіргі директоры Арман ТӘШЕНОВТЕН.
- Мәселе мынада, бастапқыда бұл машина шаң көтерілмес үшін асфальтқа су бүркуі тиіс болатын. Алайда Атыраудың топырағы сазды. Біраз уақыттан соң шаңсорғыштың щеткасы балшыққа толады. Тұрбаларда да солай, кеңірдек шлангалары бітеліп қалады. Сондықтан біз суды пайдаланбай жұмыс істеуге мәжбүр болдық...
Жалпы, артық қыламыз деп, тыртық қылатын әдетіміз ғой.
Анастасия ПАСТУХОВА,
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ