Атырау, 22 қыркүйек 18:24
 ашықВ Атырау +13
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Қылмыстар, оқиғалар

4 126 просмотра

Белинский көшесінде 23 мамырда полицейлер есірткі таратты деген күдіктіні ұстады. Полицейлер оның қалтасынан 2,34  грамм героин, ал көлігінен аңшылық шолақ мылтық пен зақым келтіретін «Байкал» тапаншасын тауып алған. 

 

* * *

Махамбет ауданының Бейбарыс селосындағы үйлердің бірінен 25 мамыр күні кешкісін басын шапқан жарақаты бар 32 жастағы әйелдің мүрдесі табылған. Криминалдық полиция басқармасы мен АІІБ-нің қызметкерлері марқұммен бірге тұрған, бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 178-бабы («Тонау») бойынша сотталған 48 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасын ұстапты. Заттай айғақ – балта тәркіленіп алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

* * *

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда күндіз «Мұрагер» базарының жабық павильонының екінші қабатында аспалы кондиционер өртенді. Жалын төбе жабынын шарпыған. Өрт алаңы 5 шаршы метр құрап, ол 30 минуттан кейін өшірілді. Құрбандар мен жапа шегушілер болған жоқ. Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіруші жасақ жұмылдырылды.

 

* * *

Жайық өзенінде Махамбет ауданының Алмалы селосының маңында шомылып жүрген 18 жастағы бозбала суға батып кетті. Бұл оқиға 27 мамыр күні күндіз орын алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің судан құтқару қызметі 2 сағаттан кейін судан жігіттің денесін шығарып алды.

 

* * *

Атырау – Астрахан трассасында Манаш поселкесінің маңындағы бұрылыста 28 мамыр күні таңертең ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі көлік тетігіне ие бола алмай, машинасы аударылып қалады. ЖКО нәтижесінде Ақтөбенің 25 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмып, 64 және 38 жастағы екі әйел Исатай аудандық ауруханасына жеткізілді.

30 мамыр 2012, 22:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.