Атырау, 24 қараша 12:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қараңғыда көрінбей қалмаңыз

2 335 просмотра

Қалалық әкімдікте болған мәжілісте Атырау қаласы жол полициясының бастығы Марат ҚҰБАЕВ барлық коммуналдық қызметкерлерге жарыққа шағылысатын элементтері бар арнайы киімдер киюге кеңес берді.

Қаланың бас жол инспекторы 27 сәуір күні Әлиев-Сатыбалдиев көпірінде болған жағдайды мысалға алды. Түнгі уақытта «Атырау-Жарық» АҚ қызметкерлері гидрокөтергіштердің көмегімен көше шамдарын ауыстырған. Жұмыс жасап тұрған жерлері жол белгілерімен қоршалмаған, ал, кәсіпорын жұмысшыларының үстінде жарыққа шағылысатын киімдері болмаған. Нәтижесінде, гидрокөтергішке Мерседес көлігі соқтыққан. Жапа шеккендер бар. Осылайша, ешқандай қоршау орнатпастан «АтырауСуАрнасы» КМК жөндеушілері де дәл қазір Маяковский көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол жерде тереңдігі 3 метр үлкен шұңқыр қазылған.

- Мұндай кемшіліктерді жоюды ерекше бақылауға алу керек, өйткені, ондай жағдайларды ескермейтін болсақ, оның  арты жол-көлік оқиғаларына соқтыруы мүмкін,- деп түйіндеді Құбаев.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 мамыр 2012, 22:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.